Әлем әдебиеті

ӨТЕР БҰЛ КҮН. Юнус ЭМРЕ

0

ТҮРІК ПОЭЗИЯСЫ

Юнус ЭМРЕ

ӨТЕР БҰЛ КҮН…

Юнус Эмре – түріктің ұлы шайыры. Ғұмырбаяны туралы мәліметтер көмескі. Бі­рақ ғалымдар көп зерттеудің нәтижесінде ақынның шамамен 1240 (41) жылда­ры дүниеге келіп, 1302 (21) жылдары өмірден озғаны жайлы тоқтамға келіп отыр. Ол ХІІІ ға­сырда, селжұқтар билігі құлаған дәуірде өмір сүрген. Күллі ұлы шайырлар сияқты, заманының зарлы сарыны Юнус жырларынан да айқын көзге ұрады. Оның сырлы диуандары ауыздан-ауызға тарап, күллі дүниені кезіп кеткен. Сондықтан бір туындысының бірнеше нұсқалары болуы да заңды. Сол кездегі жазба әдебиет өкілдеріне тән үрдістен Юнус Эмре де тыс қалмаған: оның шығармалары ескі түрік тілінде жазылғанымен араб, парсы тілдерінің де әсері мол екені байқалады.

Шақырайын, Мәулім, сені

Тауларыммен, тастарыммен,
Анау түпсіз аспаныммен шақырайын, Мәулім, сені.
Сахарларда құстарыммен,
Барлық ғашық достарыммен шақырайын, Мәулім, сені.

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.