Әлем әдебиеті

АХМЕТ ИАСАУИ ЖӘНЕ ЮНУС ЭМРЕ. Ибрахим ЙЫЛДЫРЫМ

0

ҮНДЕСТІК ПЕН ҮЙЛЕСІМ

Ибрахим ЙЫЛДЫРЫМ,
Юнус Эмре атындағы Түрік мәдениет
орталығының директоры

АХМЕТ ИАСАУИ

ЖӘНЕ ЮНУС ЭМРЕ

Түркілердің мұсылман болуы және Анадолының ислам дінін қабылдауы ке­зеңінде ықпалды болған ең маңызды тұлғалардың бірі – Ахмет Иасауи, екіншісі Анадолыда мистикалық көзқарастың ғұламасы, бұқара тарапынан сүйіспеншілік­ке бөленген түркі және мистикалық әдебиеттің дамуына зор үлес қосқан Юнус Эмре еді. Осы мақалада Ахмет Иасауи және Юнус Эмренің бір-біріне ұқсас ортақ қасиеттері және әр түрлі бағытты салыстыру арқылы екі маңызды мистикалық тұлғаның халқымызға қаншалықты ардақты екенін көрсетуге күш саламын.
Ислам – термин ретінде сенім, тыныштыққа жету, амандыққа жеткізу, екі жақ­ты қорғаныс және бейбітшілікті орнату сияқты мағыналармен қатар, кешірімділік, татулық, бейбітшілік, келісім, ымыраласу сияқты мағыналарды да қамтиды.
Әр түрлі көзқарас пен іс-әрекеттерді төзімділікпен қабылдау, болмашы қа­теліктер мен ақауларды кешіру мағынасына келетін термин. Бізден басқа және бізге ұқсамағандарға қарсы күш қолданбау, қысым көрсетпеу, олардың кішігірім өзгешеліктері мен кемшіліктеріне көз жұма қарау деген сөз. Моральдық таным ретінде дара және қоғамдық деңгейде де мән берілуі қажет құндылық.

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

*