Әлем әдебиеті

ЕЗУІҢІЗДІ ЕРКІНЕ ЖІБЕРІҢІЗ. Юрий НИКУЛИН

0

КҮЛКІМ – БІР ҚЫМБАТ МҮЛКІМ

Юрий НИКУЛИН

ЕЗУІҢІЗДІ ЕРКІНЕ ЖІБЕРІҢІЗ

Жұртшылықтың қадірлісі, артист-клоун, қоғам қайраткері болған Ю. В. Нику­линнiң «Почти серьезно…» (Мәскеу, «Терра» баспасы, 1994 ж.) және «999 анекдотов от Никулина» (Мәскеу, «Аутопан» баспасы, 1994 ж.) кітаптары – тағлымы мол еңбектер.
Юрий Владимирович анекдотқа бала кезінен құмар болыпты, естiгенiн дереу жазып ала қояды екен. Сөйтiп жүрiп, өзi де анекдот шығаруға машықтаныпты. Әс­керге шақырылғанында 1500 анекдот жазулы дәптерiн қалтасына сала кетiп, өмiр мен өлiм арпалысының әредiктерiнде бiрнешеуiн айтып жiберiп немесе оқып берiп, қарулас дос-жолдастарын күлдiрiп, көңiлдендiрiп жүрiптi. Майданнан оралған соң да анекдот жинау мен жазуды жалғастырған.
Өздерiңiзге ұсынылып отырған мына әңгiмелері автордың естеліктерінен және  кітаптарынан алынды.

БАСТАН КЕШКЕНДЕРІМНЕН

Тотықұс

Тоғызыншы сыныпта оқып жүргенiмде мектептесiм Шурка Скалыга екеуiмiз бiр күнi стадионға жөнелдiк. Трамвайға сыймай, есігіне жармасып, жабыса ұстанып тұрмыз (ол кезде трамвайдың есiгi қазiргiше өздiгiнен ашылып-жабылмайтын, кейбіреуінде тіпті есік болмайтын да). Бiзбен қатар жабысқан екi бозбаланың, сiрә, студент шығар, бiреуi:

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.