Әлем әдебиеті

НЕРОН МЕН СЕНЕКА ЗАМАНЫНЫҢ ТЕАТРЫ. Эдвард РАДЗИНСКИЙ

0

ҮЗДІК ҮЛГІЛЕРДЕН ҰЛАҒАТ

Эдвард РАДЗИНСКИЙ

НЕРОН МЕН СЕНЕКА
ЗАМАНЫНЫҢ ТЕАТРЫ

(РИМ ТЕАТРЫ)

Эдвард Станиславович РАДЗИНСКИЙ 1936 жылы Мәскеуде дүниеге келген. Белгілі орыс жазушысы, драматург, сценарист, тележүргізуші, тарихшы.
1958 жылы жазушының үндітанушы ғалым Герасим Лебедев құрметіне арналған тырнақалды пьесасы «Арманың менің… Үндістан» тұңғыш рет сахналанады.
Режиссер Анатолий Эфростың Лениндік Комсомол атындағы театрға драма­тургтың «Махаббат жайлы 104 бет» пьесасын сахналауы Радзинскийдің атын кеңге жайған ірі оқиға болды.
«Лунин немесе Жактың өлімі», «Сократпен сұхбат» және «Нерон мен Сенека зама­нының театры» сынды тарихи пьесалары кең танылған.
1980 жылдары телевидение саласында қызмет ете бастаған Эдвард бірнеше фильмге сценарий жазған.
1990 жылдардан бастап тарихи тұлғалар, орыс және әлем тарихындағы траге­диялық кезеңдерге арналған тарихи-танымдық шығармалар жазуды қолға ала бастайды. Сондай-ақ ағартушылық бағыттағы «Тарих жұмбақтары» телебағдар­ламасын жүргізген.
Соңғы жылдары тарихи-публицистикалық кітаптар жазып жүр.

Ойынға қатысушылар:

Сенека
Нерон
«Амур»
«Венера»
Сенатор ат
Бөшкедегі шал

Түн. Рим. Цирк амфитеатрының ұзына ұзақ баспалдақтары қараңғыға сіңіп созы­лып жатыр. Баспалдақтар фонындағы шырағдандардың жыпылықтаған әлсіз жары­ғында – үлкен крест, жанында дәу бөшке тұр.
Бөшкеде Шал отыр, ауық-ауық  ұзын ақ шашы, биік маңдайы, жылтыраған көзі көрініп қалып, қайта жоғалып кетеді.
Бөшкеге тақау, тура қара жерге бір сұлу жаратылған уыздай жан иесі еркін жайғасқан: толқынданған бұйра шаш, жарқыраған ұялы жанар, бозбалаға тән талдырмаш. Өзінше біртүрлі «Амур» дерсің.
Одан әріректе тағы бір бозбала – сәл ересектеу, үстінде ақшаңқан тога – ұзын көйлек, басында алтын венок. Қолына бишік ұстаған. Айнымаған Аполлон. Тек «бишік ұстаған Аполлон». Сықырлап тор қақпақ көтеріледі, жер астынан сұлу би­кеш шығады. Жалба-жұлба жұқа көйлектің жыртықтарынан – Венераның тәні көрініп тұр. Ол сәл теңселе басып шығып келеді, құдды толқыған теңіз көбігінен пайда болатын Құдай ананың өзі секілді, ал оның артынан, жер асты зынданынан, көзге көрінбейтін тобырдың жан шақырып қиналған ащы дауыстары, әйелдердің шыңғырғаны, қарқ-қарқ еткен дөрекі күлкілер естіліп жатыр.
Бұл келген «Венера», дүниеге келерде қиналып, содан шаршап қалғандай Амурға басын сүйеп жерге ұзынынан көсіліп жата кетеді де, екеуі үн-түнсіз бір әдемі жұп құрайды.

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.