Әлем әдебиеті

ТҮРІК ПОЭЗИЯСЫНАН

0

 

ТҮРІК ПОЭЗИЯСЫНАН

Орхан Уәли Қанық

 

(1914-1950)

 

 

 

Мехмет Әли Сель атты лақап ат ұстанған түрік ақыны Ыстамбұл университеті әдебиет факультетінің философия бөлімінде білім алған. Бірқатар мемлекеттік орындарда қызмет атқарған. Біраз уақыт “Жапырақ” атты әдеби журнал да шығарған. Оның Мелих Жевдет Андай мен Октай Рыфат Хорозчымен достығы кейіннен “Үштаған” атты әдеби бірлестіктің дүниеге келуіне себепші болған. Өлеңді қарапайым формамен жазып, кез келген адамға түсінікті болуын көздеген ақын өз оқырмандарына “Тәрк ете алман” (1945), “Дастан іспетті” (1946), “Жаңа атаулы” (1947) және “Қарсылық” (1949) сияқты өлең жинақтарын ұсынған.

 

 

 

 

 

Таңдаулы

 

 

 

Әйелдерді жақсы көрем шырайлы,

 

Әйелдерді жақсы көрем былайғы…

 

Бірақ, маған бәрінен де әдемі

 

Фабриканың әйелдері ұнайды!

 

 

 

 

 

Сүрлеу

 

 

 

О дүниеде

 

Осындай-ақ болса егер,

 

Сүрлеу соқпақ

 

Қансорпаны шығарар…

 

Онда тіпті,

 

Аждаһадай көретін

 

Қорқынышты емес сынды

 

Бұл ажал?!

 

 

 

 

 

Шымшық

 

 

 

Бала кезде

 

Тұзақ қойып үйренген

 

Бақшадағы өріктің

 

Бұтағында таппайтұғын бір тыным –

 

Шымшық құрлы

 

Болмады ғой сүйкімің,

 

Беу, перизат!

Рұқсат алу

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.