Әлем әдебиеті

Акутагава РЮНОСКЭ. МАХАББАТ ЖАЙЛЫ РОМАН

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Махаббат жайлы әңгімелер антологиясынан

 

Акутагава РЮНОСКЭ

 

МАХАББАТ ЖАЙЛЫ РОМАН

немесе 

«Махаббат – бәрінен жоғары»

 

            Акутагава РЮНОСКЭ (1892–1927 жж.) нағашысының қолында ержетіп, тегін иеленген. Оның шығармашылығы 1915 жылдан басталады. Осы жылдары жазған оның “Расемон қақпасы” және “Мұрын” атты әңгімелері оқырман қауымды дүр сілкіндірді. Шығармаларындағы көнеге деген аңсарды түсіндірген қаламгер бір сөзінде: “Ескіліктегі және қазіргі заманғы адамның рухында ортақ нәрселер көп. Маңыздылық та осында”, – деген. Жапон сыншыларының пікірінше, шағын әңгіме жанрының хас шебері болған Рюноскэ 1927 жылы маусымның 24-інде веронолдан (ұйқы шақыратын дәрі) уланып көз жұмды.

 

***

         Әйелдерге арналған журналдардың бірінің қонақтарды қабылдайтын бөлмесі. Жасы қырықтар шамасындағы денесі дөңгеленіп қалған бас редактор мен Хорикава Ясукити мырза екеуі әңгімелесіп отыр. Жасы отыздарда, өте арық, онысы дембелше келген редактордың қасында тіпті қатты байқалады, сырт бейнесін екі-үш ауыз сөзбен суреттей қою мүмкін емес. Қалай дегенмен де, бір нәрсе анық – оны мырза деп атауға аузыңыз әрең барады.

* * * 

Б а с р е д а к т о р. Сіз жақын араларда біздің отбасылық журналымызға арнап роман жазып бере алмайсыз ба? Байқасаңыз, оқырман қауым күн өткен сайын талапшыл болып барады, оларды кәдуілгі махаббат романдарымен әсте алдандыра алмайсыз…

Мен сізден адам мінезін барынша жан-жақты ашатын салмақты роман жазғаныңызды сұрар едім.

Я с у к и т и. Әрине, жазамын. Шынымды айтсам, әйелдер журналына арналған бір романның мазмұнын ойластырып қойғаныма біраз болып қалды.

Б а с р е д а к т о р. Шынымен бе? Бұл тамаша болды ғой. Егер жазатын болсаңыз, біз оны газеттерде кеңінен жарнамалар едік. Мысалы, мынандай жарнама беруге болады: «Хорикава мырзаның қаламынан шыққан махаббат романы сарқылмас махаббат пен мейірімге толы».

Я с у к и т и. «Сарқылмайтын махаббат пен мейірім?» Бірақ менің романымда «махаббат бәрінен де жоғары» делінеді.

Б а с р е д а к т о р. Демек, романыңыз махаббат пен мейірімді жырлайды. Бұл тіпті жақсы. Профессор Куриягаваның «Бүгінгі махаббаты» шыққалы бері бозбала мен бойжеткеннің бәрі махаббат бәрінен жоғары деп санайды… Әрине, сіз бүгінгі махаббатты назарға алып отырған боларсыз?

Я с у к и т и. Нақты айта алмаймын. Бүгінгі күмәншілдік, бүгінгі ұрлықшылдық, бүгінгі шаш бояушылдық – әрине, мұның бәрі бар. Бірақ махаббат Идзанаги мен Идзанамилер өмір кешкен баяғы замандардан бері аса өзгере қойған жоқ деп ойлаймын.

Б а с р е д а к т о р. Солай деп айтылатыны ғана болмаса, махаббат үшбұрышы – бүгінгі күнгі махаббаттың ғана көрінісі ғой. Басқаны қайдам, жапон тіршілігінде солай екендігі анық.

Я с у к и т и. Махаббат үшбұрышы дейсіз бе? Менің романымда да махаббат үшбұрышы бар… Бәлкім, мазмұнын қысқаша айтып берермін?

Б а с р е д а к т о р. Осылай етсеңіз тіпті жақсы болар еді.

Я с у к и т и. Нәзік жынысты қаһарманымыз – жас келіншек. Күйеуі – дипломат. Өздері Токиода, Яманотэ ауданында пәтер жалдап тұрады. Келіншек өте көрікті. Өзін-өзі ұстауы да ғажайып, шашы да әрдайым… Айтпақшы, оқырмандарға қандай шаш қою үлгісі ұнайды?

Рұқсат алу

 

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.