Әлем әдебиеті

Бо-Цзюй-и. КӨК ОРДА

0

 

МЫҢЖЫЛДЫҚТАР МАҚАМЫ

Бо-Цзюй-и

Көк орда

 

         Қытайдың ұлы ақыны Бо-Цзюй-и 772-846 жылдар аралығында өмір сүрген. Оның VІІІ-ІХ ғасырлардағы көшпенділер мәдениетінен мағлұмат беретін киіз үй жайлы өлеңдері әлем тарихшылары тарапынан аса құнды жазба дерек көзі ретінде өте жоғары бағаланған.

 

 

Көк орда

 

Мың қаралы қойдың жүні жұмсалған,

Екі жүздей шығыршықпен құрсалған.

Шаңырағы сәмбі талдың діңінен,

Неткен өнер, неткен ғажап түр, талғам.

 

Түндігінен нұр төгеді көк аспан,

Сол аспанмен салтанаты таласқан.

Солтүстігің, оңтүстігің бәрі бір,

Дөңгеленіп тіккен жерге жарасқан.

 

Дым етпейді соқсын дауыл неше күн,

Су өтпейді құйсын қанша нөсерің.

Ішінде жоқ қуыс-бұрыш, жып-жылы

Құшағындай аймалаған шешенің.

 

Тігем сырға, қырға, тауға, тасқа да,

Ол тұрғанда қажет емес еш қала.

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

*