Әлем әдебиеті

Си-Гюнь. ЖҮРМІН БҮГІН КӨШЕНДІЛЕР ЕЛІНДЕ

0

 

МЫҢЖЫЛДЫҚТАР МАҚАМЫ

 

Си-Гюнь

 

 ЖҮРМІН БҮГІН КӨШЕНДІЛЕР ЕЛІНДЕ

 

           Си-Гюнь Қытай императорының қызы. Біздің заманымызға дейінгі 107 жылы Үйсін елінің патшасына ұзатылған. Оның туған Отанын сағынып шығарған өлеңдері сол дәуірден құнды мағлұмат беретін тарихи деректер қатарына жатады. Си-Гюнь шығармаларын алғаш рет ғылыми айналысқа түсірген белгілі орыс ғалымы Н.Я.Бичурин (1777-1863 ж.ж.).

* * *

 

Атақ-даңқ қасіретпен көршілес,

Табиғатта шөп те сусыз өршімес.

Салтанатты сарайлар да мәңгі емес,

Көңіліңді толассыз той серпімес.

 

Келеріндей бар пенденің ажалы,

Дүние-мүлік таусылады, тозады.

Шараптың да шапағаты шамалы,

Тәтті әуен де күйге айналар азалы.

 

Патша қызы атағым бар менің де,

Жүрмін бүгін көшпенділер елінде.

Ат арқасы, түйе қомы тұрағым,

Бір басыма жетер қайғы-шерім де.

Рұқсат алу

 

Пікір қалдыру

*