Әлем әдебиеті

КОРЕЙ ХАЛЫҚ ЖЫРЛАРЫ

0

СҰЛУ САЗДЫ СӨЗ САРАСЫ

 

МАЗАЛАЙДЫ АЛУАН ОЙ

 

           Қазақтың халықтық қара өлеңін жинап, кітап етіп шығарған едім. Сондай-ақ Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің де халықтық жырларын қазақ тіліне аударғанмын. Соның бірі – «Сиджо» деп аталатын кəріс халық жырларын «Әлем әдебиеті» жұрналына ұсынып отырмын.

Оразақын АСҚАР

ақын, халықаралық «Алаш»

жəне Мұқағали атындағы

əдеби сыйлықтардың иегері.

 

* * *

Солтүстік пен Оңтүстіктің

Жиып тез қару-жарағын,

Қорытар ма едім қайтадан.

Соқа жасап, егін ексем,

Жайқалып бəрі даланың,

Құлпырар еді сай-салам.

 

* * *

Соға түс жел қаттырақ соқ,

Астаң-кестең бұлтты айда!

Тамшылауды қой жаңбыр сен,

Нөсерлеп құй мұндайда!

Көл-дария боп қаптасын сел,

Кетпесін халқым ешқайда.

Рұқсат алу

 

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.