Әлем әдебиеті

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ КОРЕЙ ПОЭЗИЯСЫНАН

0

СҰЛУ САЗДЫ СӨЗ САРАСЫ

 

ОРТАҒАСЫРЛЫҚ КОРЕЙ ПОЭЗИЯСЫНАН

 

XII ҒАСЫР

 

ЧВЕ Ю ЧЭН

(1093–1174)

Қылқалам тəсілімен

 

Адамның ғұмыры бейне шам жалқыны

Жел ұйтқып өшірер бір демде.

Астатөк дəулет те,

Сəулет те дəрменсіз,

Сұм ажал туралап келгенде.

 

Туған жерге оралу

 

Айнала ажарсыз

Таныс жоқ, бəрімен қоштасқан.

Үйлердің орнында үйінді,

Жабайы шөп басқан.

Тек есік алдында

Тас құдық көнеден қалғаны.

Сіміріп салдым да

Сезіндім баяғы сап-салқын зəмзамды.

 

ТЕН ДИ САН

(? – 1135)

Емтиханнан соң

 

Балауыз шамның білтесі жанып біткенде,

Бұл маңның жайлап таңы да атты арайлап.

Лүпілдеп жүрек күткенде,

Бұйырар ма екен маған бақ?

Ай нұры семіп жоғалған шақта ауладан

Əбігер жұрттың көзіммен тіздім нешесін.

Бірінші орын кімдікі,

Көрінер емес еш есім…

Рұқсат алу

 

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.