Әлем әдебиеті

КОРЕЙ ПОЭЗИЯСЫ

0

СҰЛУ САЗДЫ СӨЗ САРАСЫ

 

Чве Донг Хо

 

Шақпақ тас

 

Қап-қараңғы керең түнде,

Жырларымды берем кімге –

От шығатын тас сияқты,

Түнді тіліп аққан жұлдыз,

Көзден аққан жас сияқты.

 

Жат жердегі жаран

 

Алыс ел, жат қалада бұрқыраған мұз-қары,

Таңсәрінің ызғары.

Қонақ үйдің қуысы,

Кісінің кетіп күйісі,

Ауыздан атқан аппақ бу,

Тымырайған тар көше,

Ыстық нанның иісі…

Рұқсат алу

 

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.