Әлем әдебиеті

Чой СОК. АРАЛ ҚАЛДЫ ТАРТЫЛЫП

0

             Чой СОК 1958 жылы Нонсанда дүниеге келген. Ол «Жұмысшылар күнделігі» мен ғаламторда жарияланған «Алматы туралы әңгімелер» өлеңдер жинағының авторы.

           Қазақстандағы корейлер Ассоциациясының «Ханин синмун» газетінің бас редакторы болған. Қазіргі кезде «Корей мәдениеті» жылнамасының бас редакторы қызметін атқарады.

 

Хан Тәңірі туралы жыр

 

Салып еске өткен он жыл елесін,

Тұрады жең ескірген.

Кәрілікті сезіну де – жеңілдік,

Тәңір тауда қар жауып тұр,

Ал аулада күншуақ.

Тұт ағашы айналса да теңізге,

Жоқ айырма мен үшін.

Арақ ішпей,

Сүйіктімді ұмытсам,

Кешер ме едім,

Жеңіл күй.

 

Бұрындай жолындағы қабірстан

 

Алматының шеті шексіз кеңістік,

Жеткізбейді поезға да көкжиек.

Сен өзіңді сезінесің онда бір,

Түйір түйме сияқты.

Күрсінемін еске алып кәріс жерін бір түйір.

Жылаймын мен тері керді тіршіліктен түңіліп,

Пана болар жоқ күрке,

Өле қалсам жерлейтұғын жер де жоқ,

Күл боп ұшып кетсем тағы кім жоқтар?

Таныс кәріс жерленіп,

Бір түйір де құмы жоқ,

Бұрындайдың топырағын сезінсе,

Жаным менің бір уақыт сезінер,

Тәнім менің қалатынын осында. 

Рұқсат алу

 

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.