Әлем әдебиеті

Ко ЫН. ОНЫҢ ӨЗІ ЖЫРҒА АЙНАЛЫП КЕТКЕН

0

 

ОНЫҢ ӨЗІ ЖЫРҒА АЙНАЛЫП КЕТКЕН

 

             Ко ЫН Оңтүстік Кореяның Чоллабукдо аймағындағы Гунсан қаласында дүниеге    келген. Бала кезінде суретші болғысы келгенімен, бірде оның қолына тиген кітап бар өмірін өзгертіп жіберді. Ол қоғамнан аласталған ақын Хан Хва Унның бастан аяқ сай сүйекті сырқыратып мұңға батыратын «Таңдамалы өлеңдері» болатын. Ко Ынның да ақын болғысы келді. Көп ұзамай, 1950 жылы корей соғысы басталып кетті. Сол кезде солтүстік əскер (Халық əскері солай аталды) мен Корей əскері (оңтүстік əскер) оның туған ауылын кезек-кезек басып алып тұрды, сол кезде жасөспірім ақын кісі өлтірушіліктің неше түрлі сұмдықтарын көрді. Олардың Ко Ынға қатты əсер еткендігі сонша – табиғатынан ұялшақ əрі икемсіз жаратылған ол, адам танымастай өзгеріп шыға келді. Сөйтіп, өзге дүниені ұмытып, өмірдегі өз орнын табуға бар ынтасымен кірісіп кетті. Оның поэзия əлемінің биік шыңдарын бетке алған сапары торығу мен рухани гүлдеу тəрізді драматизмге толы болды.

            Ко Ын 1952 жылы Хёбонгпен Сеулге келіп, «Буддизм əлемі» газетінің бас редакторы болып істей бастады. 1958 жылы «Қазіргі өлеңдер» журналында басылған «Құрт ауруы» атты өлеңі Ко Ынның əдебиеттегі алғашқы қадамы.

             1962 жылы ол бұл дүниелік өмірге оралып, біраз уақыт Чеджу аралында тұрды да, содан соң Сеулге қайтып келді. Ендігі жерде ол бірнеше өлең жəне прозалық жинақ, сонымен қатар эсселер шығарып, таза əдебиетпен айналысты.

            Ко Ын 1974 жылы «Еркін жазушылар қоғамын» құрып, оны өзі басқарды. Бұл кездер ол көп жазып, жаңа кітаптар мен жинақтар шығарды.

             1980 жылы Ко Ынды 20 жылға түрмеге жабу жөнінде үкім шығарылды. Оған Пак Чон Хи мен Чон Ду Хванның президенттіктері кезінде «үкіметке қарсы қастандық əрекеттер ұйымдастырды» деген айып тағылды. Екі жылдан соң оған кешірім жасалып, босап шықты. Бұл екі жыл ойлану мен шығармашылық жаңа көзқарастардың оянған кезеңі болды.

           Түрмеден шыққан соң, ақын жалғасымен «Он мың адамның ататегін» шығара бастады. 80-ші жылдардың екінші жартысынан бастап көңілін əлеуметтік қозғалыстарға қатысудан гөрі жазушылық пен лекциялар оқу көбірек аудара бастады.

             1990 жылдары да ақын шығармашылығы белсенді болды. Бұл кезде оның «Он мың адамның ататегі» циклының жинағы мен «Пэктусан тауы» кітабы басылып шықты.

           Ко Ынның поэзиясы əрбір бұрылыс-қалтарысын түгел қамтып, Отанының тарихымен жəне өзінің жеке тағдырымен ажырағысыз өріліп жатыр.

 

Эпиграф орнына

 

Сен жəне мен –

Туылған сəтте біз

Жүзіп шығады

Ең алыс бір Жұлдыз.

Білемісің сен,

Көлемі қаншалық

Пуёның бұл жері?

Маханның елінде

Оның құт жерінде

Елу төрт хандықта ілгергі

Өзара қатынас болды ма?

Сол кезден басталған

Біздің бұл елімізде

Адамдар ынтымағы

Бақыт боп қонды ма?

Ежелгі бұл жерде

Айрылысудың өзі де білгенге –

Кездесу сəттерін көбейту.

Ешкім де қалмасын

Жалғыз боп бір демде!

Өмір ол… Шексіздік қатары –

Біздің ол болашақ,

Болмайды басқалай!

Адамның күні тек адаммен,

Дүние де тап солай…

Рұқсат алу

 

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.