Әлем әдебиеті

Гау ШЫ. ҚАРЛЫҒАШ ЖЫРЫ

0

СҰЛУ САЗДЫ СӨЗ САРАСЫ   

 

ҚАРЛЫҒАШ ЖЫРЫ

 

             Гау ШЫ (700-765) – лақап аты Да Фу. Бохайдың Тияушиян деген жерінің тұрғыны (қазіргі Хыбидың Жиңшиян ауданы). 794 жылы жоралғы ғылымдар сараптауынан өтіп, Фынчиу ауданының кіші жасауылы болады. Ұзамай бұл мансаптан бас тартады. Кейін Хыши дуанының басшысы Гысу хан оны сол қанат әскери істер сардары, хатшысы етіп орналастырады. Ан Лушан, Шы Сымиң көтерілісінен кейін патшаға ұнап, Хуайнанның басшысы, Йыңжоу, Шужоулардың дуанбасы қатарлы мансаптарға ие болды. 764 жылы Чаң-анға шақырылып жазалау бөлімінің жендеті, Бохай ауданының бегі қатарлы мансаптарды иеленді. Таң дәуіріндегі атақты ақындардың бірі.

 

ҚАРЛЫҒАШ ЖЫРЫ

Хан елінің Солтүстік шығысында,

Соғыс боп тұтанды өртең шекарада.

Қош айтып хан сардары ел мен жерге,

Аттанды жауға қарсы – ұлы сынға.

 

Ниеті ер жігіттің – ат жалында,

Соғыста есіл-дерті – қан майданда.

Патшасы Хан елінің мол сыйлық пен,

Оларға дайындатты заттарын да.

 

Қалың қол дабыл ұрып айбаттанған,

Ұқының12 кетті өтіп қақпасынан.

Желбіреп қалың тулар көрінеді,

Бұралаң Жиешышнның13 сайларынан.

Рұқсат алу

 

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.