Әлем әдебиеті

Ай ЧИҢ. КӨЗІМ ЖАСЫ НЕГЕ КЕТТІ БОТАЛАП?

0

 СҰЛУ САЗДЫ СӨЗ САРАСЫ

Ай ЧИҢ

 

КӨЗІМ ЖАСЫ НЕГЕ КЕТТІ БОТАЛАП?

 

          Ай ЧИҢ (1910-1996) – көрнекті қытай ақыны. Джызяң өлкесінің Зиньхуа деген жерінде дүниеге келген. 1929-1932 жылдары Париж қаласындағы өнер академиясынан сурет өнерін оқыған. Ақынның өлеңдері мен поэзия туралы толғамдары көптеген шетел тілдеріне аударылған.

 

Күн

 

Обалардан бағзылық жерге айналған,

Замандардан қараңғы шер байланған,

Бақи жақтан  аруақтар ентелеген,

Тау-даладан  құж ұйқы желкелеген,

Ізгіліктен, не түрлі сұмдықтардан

Жалынын аспанға атқан құмдықтардан,

Маған қарай пырлап келеді.

 

Патшаң да  тоса алмайтын

Байтақ сәулесінен –

Тіршілік  құлпыруда.

Орман біткен  би арнап,

Өзен біткен ән салып, тек соған ұмтылуда.

 

Келгенін оның  мен ап-анық естимін –

Қыс жәндіктерінің жерге құлағанын.

Алаңдарда жұрттардың алақайлап,

Шаһарлардың  шалғайдан  шулағанын.

Шырақтарын жолдарда жарқылдатып,

Темірлерін қолдарда тарсылдатып.

Рұқсат алу

 

 

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.