Әлем әдебиеті

Абд әл-Хамид БЕНХАДДУҚ. МЕН АДАМ ЕМЕСПІН, ҚҰР СҰЛБАМЫН!..

0

СҰЛУ САЗДЫ СӨЗ САРАСЫ

 

Абд әл-Хамид БЕНХАДДУҚ

 

МЕН АДАМ ЕМЕСПІН, ҚҰР СҰЛБАМЫН!..

 

             Алжир араб әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі Абд әл-Хамид БЕНХАДДУҚ 1925 жылы әл-Мансур қаласында дүниеге келген. Тунистегі аз-Зайтун университетін бітірген. Көп жылдар бойы Тунисте және Францияда тұрған. Абд әл-Хамид Бенхаддуқ – прозаик әрі ақын. Ол 1951 жылдан бастап жаза бастады. Көптеген романдары, өлең жинақтары бар. Ақын ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысып, оны жырына қосқан. Өз елі мен жерін жан-тәнімен сүйген, оның бостандығы үшін күрескен.

 

Анам мені сүйген еді

 

Жылай-жылай, әкемді ойлай

Үрейленіп, оралдым…

Жанға батты жан әкемді

Үлкен жолда өлтіргені олардың…

 

Көз алдымда жол шайқалды,

Бомба түсті тігіншінің үйіне.

Анам қайда? Сіңілім қайда?

Қайда тіккен көйлектер?

Соны ойладым күйіне…

 

 

Шаруа

(поэмадан үзінді)

 

Салынатын жолдар туралы

Кафеде жаңалықтар ағылуда.

Зауыттар шығаруда

Тракторды,

 Ұшақтарды,

 Ауыр станоктарды –

Шығады бәрі мұнда..

– Ал, мен «бесті» жүремін.

Мектептер,

Тениске арналған алаңдар,

Зәулім үйлер

Жүзу бассейндері салынуда.

– Мен жетіні жүремін

Өмір өзгереді,

Нан мол болады,

Күн нұрын төгу үшін жаралған

Жер үшін рахат сол болады.

Рұқсат алу

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.