Әлем әдебиеті

Матей БОР. АҒАШТАР ҚАШТЫ КӨЛЕҢКЕЛЕРІН ЖЕТЕКТЕП

0

СҰЛУ САЗДЫ СӨЗ САРАСЫ

 

 Матей БОР

 

АҒАШТАР ҚАШТЫ КӨЛЕҢКЕЛЕРІН ЖЕТЕКТЕП

 

           Матей БОР 1913 жылы дүниеге келген. Ақын, прозашы, драматург, сыншы. Шын аты – Владимир Павшич. Ұлт-азаттық күрестің белсенді мүшесі болған.

          Азаттық күреске дейінгі жылдарда оның есімі  әдебиет және театр жайлы жазыл­ған мақалалары арқылы кеңінен танымал бола бастайды. 1940 жылы «Люблян қоңырауы» атты журналда лирикалық өлеңдері жарық көреді.

        «Дауылды да жеңеміз» (1942), «Өлең» (1944), «Көлеңкелеріміздің іздері» (1958), «Алға, алға» (1963) және тағы басқа поэтикалық жинақтардың, «Қашықтықтар» романының (1961), «Түнек шеңберлері» (1953), «Аквариумдағы ғарыш» (1955), «Жұлдыздар мәңгілік» (1959) пьесаларының авторы. 1974 жылы төрттомдық шығармалар жинағы жарық көрген.

 

АППАҚ ТЫНЫШТЫҚ

 

Біздің барақ қар астына көмілген,

Мен мұндамын, сен андасың естілмейді дыбыс түк.

Не соқпақ жоқ, жол да үзіліп, бөлінген,

Арамызда мынау аппақ тыныштық.

 

Аяулым-ау, қалай хабар аламын?

Қайдасың сен? Не істемекпін мен енді?

Түсім екен.

Төсінде анау даланың

Көрдім сенің жансыз, өлі денеңді.

 

Соқпақ, жол жоқ. Аппақ қар тек жақсы үміт,

Естілмейді біріміздің даусымыз.

Қар үстімен келе жатқан ақсиып,

Ажал дейтін біздің жарылқаушымыз.

 

 

ПІКІРТАЛАС

 

– Қажеті не осы бізге көпірдің?

– Су үстінде тұру керек кезінде.

– Қажеті не су дейтұғын нөпірдің?

– Қату үшін керек қыстың көзінде.

Рұқсат алу

 

Берілген мақалаға пікір жазылмайды.