Әлем әдебиеті

Эдвард КОЦБЕК. ҚЫЗЫҒЫ ТАРҚАП, ШЫЖЫҒЫ ҚАЛҒАН ПЕНДЕМІЗ

0

      

   Эдвард КОЦБЕК

 

ҚЫЗЫҒЫ ТАРҚАП, ШЫЖЫҒЫ ҚАЛҒАН ПЕНДЕМІЗ

 

            Эдвард КОЦБЕК 1904 жылы қарапайым еңбек адамының отбасында дүниеге келген. Тағдыр тауқыметін, мұқтаждықты көп көрген. Ақын, прозашы, публицист, қоғам қайраткері. Соғыс жылдарында ұлт-азаттық қозғалыстың белсенді мүшесі болған. 1936-1941 жылдар аралығында Словениядағы қоғамдық-әлеуметтік жағдайдың шынайы көрінісін әшкерелейтін, ұлттық өзекті мәселелерді көтерген өткір мақалаларымен танылады.

           «Жер» (1934), «Үрей» (1963), «Хабарлама» (1969) сияқты жыр жинақтарының, «Қорқыныш пен қайрат» (1951) атты новеллалар және партизан қозғалысы жайлы жазылған естеліктер жинағының авторы.

 

КЕМПІРҚОСАҚ

Ай, сенбісің мынау нұрлы рең?

Қозғалып едім, ұғындым сонда

Тыныштық екен мүлгіген.

Тыныштық дедім мынаны,

Көзімді ашып қарадым, ұқтым

Түнек қой керең құлағы.

 

Түнек деп ұқтым әлгіні,

Сипалап көріп сезіндім сонда

Махаббат екен мың бұрау болған тағдыры.

 

Махаббат екен дедім мен,

Ерніммен өбіп көріп ем, ұқтым

Дерт екен менің санама келіп көз ілген.

Рұқсат алу

 

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.