Әлем әдебиеті

Хуан Рамон ХИМЕНЕС. ДӘУРЕН ӨТЕР ЖҮРЕКТЕРДІ ЖҰЛҚЫЛАП

0

    

Хуан Рамон ХИМЕНЕС  

 

 ДӘУРЕН ӨТЕР ЖҮРЕКТЕРДІ ЖҰЛҚЫЛАП

 

           Хуан Рамон ХИМЕНЕС (1881-1958) – испан ақыны, әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1956 ж). 1881  жылдың 24 желтоқсанында Могереде (Андалусия) дүниеге келген. Пуэрто-де-Санта-Мариядағы иезуит колледжін бітіргеннен кейін, 1896 жылы Севиль университетіне түседі. Бірақ, көп ұзамай бұл оқу орнын тастап, журналистік қызметпен айналысады. 1901 жылы Мадридте болып, Ерікті педагогикалық институттағы дәрістерге қатысып, модернист ақындармен, басқа да жас  интеллектуалдармен жақын танысады. 1916 жылы АҚШ-қа сапар шегіп, одан қайта Мадридке оралған соң  жалғыздықта, оқшау өмір сүреді. Өмірінің соңында Пуэрторика және Мэриленд университеттерінің штаттан тыс оқытушысы болған. Хименестің алғашқы кітабы – «Шумақтар» 1902 жылы жарық көрген. Бұдан кейін «Мұңлы әуендер» (1903), «Қиырдағы бақшалар» (1905) кітаптары шыққан. Бұл жинақтарға енген өлеңдердің негізгі тақырыбы –махаббат. Ақын ойды жадағай жеткізуден гөрі, астарлап айтуға ерекше мән береді. Алғашқы өлеңдерінде француз символистерінің әсері айқын сезілген ақын кейіннен радикалды поэтикалық ағымдарға ойы­сады да, негізінен элегияларды көптеп тудырады. «Тек қана элегиялар» (1908), «Аралық элегиялар» (1909), «Шағыну элегиялары» (1910), «Қоңыраулы жал­ғыздық» (1911) жинақтары осы сарындағы өлеңдерімен ерекшеленеді.

          Хименестің соңғы жылдары жазған өлеңдері «Рухани сонеттер» (1942), «Өлеңдерімнің дауысы» (1945), «Сұлулық» (1945), «Корал Гейблзден романстар» (1948), «Тұңғиық тірлік иесі» (1949) кітаптарына енді. Ақын – бүкіл Испан халқы мойындаған «Платеро және мен» атты прозалық элегияның  авторы.

          Хименес 1958 жылдың 29 мамырында Сан-Хуанда дүние салды.

 

ЛАЛАГҮЛ МЕН НҰРЛЫ КҮН

 

Көз жасым – теңіз, тұзға толып тұрған,

Сенің демің көгалда тербеледі,

Мен сені ешқашан да жолықтырман,

Жолықтырмай өтесің сен де мені.

 

Мен  қасірет жамылған жорық-құрбан,

Сенің ізің тұсыма келмегелі,

Мен сені ешқашан да жолықтырман,

Жолықтырмай өтесің сен де мені.

* * *

 

Түнге де ілікті көшелер.

Көне сыр шырағын тұтатты.

Тыныш мұң сырғып кеп төсенер

Терезе жақтауын, бұтақты.

 

Жұлдыздар қарайды бозарып

Көнетоз көріксіз қалаға.

Жат көктен келген бұлт сөз алып,

Тұз себер жазылмас жараға.

Рұқсат алу

 

 

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.