Әлем әдебиеті

ПЬЕР ЖАН ДЕ БЕРАНЖЕ. ӨМІР ӨКСІП ЖЫЛАЙДЫ ӨТЕРІНДЕ

0

        

ПЬЕР  ЖАН  ДЕ  БЕРАНЖЕ

 

 ӨМІР ӨКСІП ЖЫЛАЙДЫ ӨТЕРІНДЕ

 

      Пьер Жан де БЕРАНЖЕ (1780-1857) – көрнекті француз ақыны.  1780 жылғы 19 тамызда Парижде дүниеге келген. Бала кезінен төңкерістік оқиғалардың куәгері болады. Бұл оның өміріне үлкен ықпал етеді. Ж. Ж. Руссо ұйымдастырған Перондағы мектепте білім алады. «Маркиз де Караба», «Қасиетті әкейлер», «Людовик ХVІІІ», «Халықтардың қасиетті одағы», «Бесінші мамыр» атты  және тағы да басқа көптеген жыр жинақтарының авторы.

Беранже 1857 жылғы 16 шілдеде дүние салған.

 

СЫНЫҚ СКРИПКА

 

Төбет менің болды да жан серігім,

Серігімді көргенде балша ерідім.

Итті жақсы көремін, жасырмаймын,

Осы болар ермегі бар серінің.

 

Түсінеді ол ішкі бір айқайымды,

Келші, төбет, сырымды айтайын бір.

Кеудем қазір бос тұрған күбі сынды,

Бос күбіні алдыңда шайқайын бір.

 

Бар маңайын бақылап қас-қабағы,

Дұшпан көрсе, әркім де бас бағады.

Скрипкам бар еді, қас жауымның

Қиын болды сындырып тастағаны.

 

Тойлап жатса дұшпаным жеңіс тойын,

Құлдық ұрман алдына кебіс қойып.

Скрипка ойнаудан бас тартқанмын,

Қызметті де демедім көп істейін.

Рұқсат алу

 

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.