Әлем әдебиеті

ТАСҚАЛАУШЫНЫҢ БАСТАН КЕШКЕНДЕРІ

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Вашингтон ИРВИНГ

 

ТАСҚАЛАУШЫНЫҢ БАСТАН КЕШКЕНДЕРІ

 

Вашингтон ИРВИНГ (1783-1859) – әлемге әйгілі Америка жазушысы. «Нью-Йорк тарихы», «Эскиздер кітабы», «Колумбаның серіктері», «Альгамбра» жинақтары оның есімін дүние жүзіне танытты.

 

* * *

Сонау бір кездерде Гранадада бір кедей тасқалаушы болған екен. Ол қасиетті күндерде, мейрамдарда, жексенбілерде, тіпті дүйсенбі күндері де жұмыс істемейді екен. Міне, осындай ізгіліктің ниетіне қарамастан, барған сайын кедейленген үстіне кедейлене беріпті. Өзінің көп адамнан тұратын отбасын әрең дегенде асыраған көрінеді. Бірде түн ішінде енді ғана ұйқы құшағына бата берген тұста есік қағылады. Ол есікті ашқанда, қарсы алдында тұрған әруақтай құп-қу священникті көреді.

– Тыңдашы, аяулы досым, – деді бейтаныс, – мен сенің мейлінше қайырымды хрестян және дұрыс адам екеніңді байқадым. Бүгін түнде жұмыс істегің келе ме?

– Аса қуанышпен, сеньор падре. Әсіресе лайықты төлемақы үшін.

– Бұл енді әдеттегі үйреншікті жай ғой, тек сенің көзіңді байлауға тура келеді.

Тасқалаушы онымен дауласып жатпады. Оның көзін байлап, жоғары-төмен, әртүрлі бұрылыстармен, қиылыстармен жүре отырып, әлдебір үйдің қақпасының алдына алып келеді. Сол арадан кілт алып құлыпты салдыратып есікті ашты. Дыбысына қарағанда, есік өте ауыр сияқты көрінген. Олар ішке енді. Есік жабық еді. Баспалар жылжытылған тасқалаушы өзінің жолбасшысының соңынан тыныш дәлізбен, кең залмен ілбіп ілесіп келеді. Священник оның көзін байлаған шөберекті шешті. Сол сәт ол өзінің жалғыз күңгірт шаммен жарықтандырылған шағын аулада тұрғанын көрді. Ауланың ортасында көне Мавритан субұрқағының кеуіп қалған бассейні тұрды. Священник соның түбінен құпия қуыс жасауды бұйырды. Оған қажетті кірпіштер мен әктер күн ілгері әзірленіп қойылған еді. Тасқалаушы тізе бүкпестен түні бойы жұмыс істесе де, таң атқанша істі бітіре алмады. Таң ата священник онымен алтынмен есептесті. Қайтадан көзін байлап, үйіне апарып тастады.

– Сен жұмысты аяқтауға тағы бір келуге келісесің бе? – деп сұрады ол.

– Әрине сеньор падре, мұншама ақша үшін.

– Жақсы, онда мен тағы да түн жарымда саған келейін.

Ертеңгі күні солай істеді де, құпия қуыс әзір болды.

– Ал енді сен маған осында сақталатын заттарды әкелуге көмектесесің, – деді священник.

Осы сөздерді естігенде сорлы тасқалаушының зәре-құты қашып, қорыққаннан шашы үрпиіп кеткен еді. Ол біртүрлі сенімсіз адыммен священниктің соңынан ерді. Ол иманын үйіріп, өлексерлерді көруге әзірленген еді. Тек бөлменің бұрышында тұрған үш-төрт биік құмыраны көргенде тынысы кеңейіп, өне-бойы жеңілденіп сала берді. Олардың іші манатқа толы сияқты болды. Священник екеуі оны әрең дегенде құпия-қуысқа апарып жасырды. Содан кейін бассейн бұрынғысынша қапталып, барлығы тиянақты жиналып, священник көзі байланған мұны әлгі жерден басқа жолмен алып шықты. Ұзақ уақыт көшелермен аллеялар арасында сандалып сенделген олар ақыры бір тұсқа келіп тоқтаған. Священник оның алақанына әдеттегідей екі алтын салған.

– Собордың таңғы қоңырауы соғылғанша осы арада тос, – деді ол. – Көзіңді таңған шөберекті одан бұрын шешетін болсаң, бақытсыздыққа тап боласың.

Осылай деп ол ізін суытты. Жалғыз қалған тасқалаушы басқа істейтін ештеңе болмағандықтан, жаңағы алтындарды алақанына салып, оларды сыңғырлатып ұзақ тосты.

Таңғы қоңырау соғылысымен көзі байланған шөберекті шешіп, Хенияның жағасында тұрғанын байқады. Осы арадан үйіне тура тартқан ол екі күндік табысына екі апта бойы отбасымен күн көріп, одан кейін бұрынғысынша қайыршы күй кешіп жатты.

Әйелі мен балалары жүдеп-жадап, нағыз цығандарша азып-тозып кеткендерінше бұрынғысынша жұмысты аз істеп, қасиетті мерекелерін мүлтіксіз сақтап, тынымсыз тауап етумен болды. Бірде кешқұрым ол өзінің лашығының алдында отырғанда өзіне жақын келген бір уыс кәрі байды көрді. Осындағы көптеген үйлердің иесі, ол сол үйлерін жалға беріп, тұрғындардың тірідей терісін сыдырушы еді. Бай оған түңерінкі жүндез қасының астымен сырқия қарап.

– Мен, достым, сені өте кедей деп естідім.

– Шындықтың аты шындық. Оған таласа алмайсың.

– Онда жұмыстан бас тартпассың және өте қымбат сұрамассың.

– Қожам, сізге бұл гранада ешкімде тегі арзан жасамайды.

– Бұл маған келер еді. Менің ескі құлағалы тұрған үйім бар, соны қалыпты ұстаудан пайда жоқ. Бәрібір онда ешкімнің тұрғысы келмейді. Соны арзан бағаға сылап-сипап жөндеп қою қажет еді.

Тасқалаушы мұны құп алды. Ол оны ескі иесіз үйге алып келді. Ол, расында да, әне-міне құлағалы тұр еді. Олар төр үй мен демалатын бөлмелерден өтіп аулаға шықты. Тасқалаушы бірден көне Мавяитин бұрқағын байқап қалған еді. Ол бір сәтте тоқтай қалып, осы жерді қапысыз есіне түсірді.

– Кешіріңіз деді ол. Бұрын бұл ескі үйде кім тұрды?

– Сайтан алсын оны, – деді қожайын самбырлап. – Мұнда жалғыз жарым бір кәрі священник тұратын. Естуімше, байдың байы. Ал туған-туысқандары атымен жоқ болатын. Ол өле қалса өзінің барлық қазынасын шіркеуге қалдырар деп ойлаған едік. Ол кенеттен қайтыс болды. Сол-ақ екен священниктер мен монахтар топ-тобымен өздеріне тиесіліден айырылып қалмау үшін үдере ұмтылған еді. Тек бар тапқандары бес дукат салынған әмиян болды. Ал мен тіптен ақымақ болдым: шал өлгенмен де менің үйімде оның рухы тіпті тегін қалып отыр ғой. Өлген жандарға ықпал ете алмасың белгілі. Кәрі священник ұйықтайтын бөлмеде түні-бойы өзінің ақшаларын санап жатқандай алтынның сыңғырлаған үні шығады деседі. Мұнымен қоймай, енді бірде шалы бар болғыр аулада ерсіл-қарсыл жүріп үфлейді, күрсінеді екен. Мүмкін бұл шындық болар, мүмкін ойдан шығарылуы да. Оны кім білсін енді. Тек менің үйім туралы жұрт арасынан жағымсыз сөз тарап оны енді ешкім жалға алмайтын болды.

– Түсінікті, – деді тасқалаушы батылдана. Кәне, мен сіздің осы үйіңізді басқа жалға алушы табылғанша тегін тұрып, жөндейтін жерін қолдан келгенше жөндеп, беймаза марқұммен түсінісуге тырысып көрейін. Мен негізі адал хрестян ретінде ештеңеден де, ешкімнен де қорықпаймын.

Менің жоғалтатын да ештемем жоқ. Мен тіпті үлкен қабшыққа тиын-тебенді сықай толтырып сайтан бейнесінде келсе де, одан аяғымды жимаймын.

Үй иесі адал тасқалаушының бұл ұсынысын қуанышпен қабылдады. Тасқалаушы отбасын жаңа қонысқа көшіріп әкеліп, айтқанын бұлжытпай орындады. Біртіндеп ол үйді жөндеді де түн баласында марқұм жатқан бөлмеде алтын сыңғырлауын қойып, оның есесіне күндіз тірі тасқалаушының қалтасында сыңғырлайтын болды. Бір сөзбен айтқанда, оның ісі көрші біткендерді таңғалдырарлықтай кенеттен оңғарыла бастады. Ол Гранаденің бірінші байы болуға шақ қалды. Ол ар-ожданын тыныштандыру үшін храмға садақаны асқан ризашылықпен, мырзалықпен ұсынатын. Ал құпия қуыс туралы сызығы бітер тұста өзінің ұлына және мирасқорына айтқан екен.

Аударған Сүлеймен БАЯЗИТОВ

Пікір қалдыру

*