Әлем әдебиеті

ТОЛСТОЙДЫҢ ӨМІРІ

0

ӘЛЕМГЕ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАР

Ромен РОЛЛАН

ТОЛСТОЙДЫҢ ӨМІРІ

(Соңы. Басы өткен санда)

Ромен РОЛЛАН – Францияның ұлы жазушысы. Ол шығармашылық жолын драматургиядан бастап үлкен табыстарға жетті.

Алайда жазушының атағын әлемге әйгілі еткен шығармасы он кітаптан тұратын «Жан-Кристоф» романы еді. Ромен Ролланға «Жан-Кристоф» романы үшін 1915 жылы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы берілді.

Ромен Роллан тек шығарма жазумен ғана емес, сонымен қатар әлемге әйгілі тұлғалардың өмірін зерттеумен де айналысты. Жазушының «Бетховеннің өмірі», «Толстойдың өмірі», «Микеланджелоның өмірі», «Рамакришнаның өмірі» секілді кітаптары кемеңгер тұлғалардың ғұмырын жан-жақты терең зерттеуімен айрықшаланады. Жазушының «Сенім трагедиясы», «Әулие Людовик» секілді тырнақалды пьесалары көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

* * *

1882 жылдың қысын Толстой Мәскеуде өткізіп (отбасылық міндетіне мойынсынып, ол онда үй-ішіндегілердің соңынан барды)1 жалпыхалықтық санаққа қатысады. Тұңғыш рет ол үлкен қалалардағы халықтың қайыршылығын көзімен көреді. Алған әсері жан түршігерлік еді. Өмірінде алғаш рет өркениеттің бітеу жарасын тапқан күннің кешінде ол өзінің досына көргендерінің бәрін баяндап беріп айтып тұрып, әлдекімдерге «айғайлап, жылап, қайта-қайта жұдырығын түйеді».

«Мен оны өзім де байқамай, көзім жасқа толып, айғайлап, жолдасыма қарай қайта-қайта қолымды сермеппін».2

Ол қайтадан бірнеше айлар бойы ауыр күйзеліске батып кетті. Толстая ханым 1882 жылдың 3 наурызында оған былай деп хат жазады:

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.