ҮЗДІК ҮЛГІЛЕРДЕН ҰЛАҒАТ
«АИДА»
Джузеппе ВЕРДИ (толық аты-жөні Джузеппе Фортунато Франческо) – итальяндық сазгер. Опера жанрының хас шебері.
1813 жылы 10 қазанда Бусетто қаласының Ронкол елді мекенінде дүниеге келген. Бала кезінен музыкаға әуес болып, өзінше ізденіп, дәріс алады.
1839 жылы Миланда жас сазгерге үлкен жетістік әкелген алғашқы операсы «Оберто, граф Бонифачоның» тұсаукесері болады. Вердидің «Навуходоносор» мен «Крест жорығындағы ломбардшылар» туындыларымен музыка сүйер қауымның ыстық ықыласына бөленіп, танымал сазгерге айналады. 1842-1849 жылдар аралығында ол 13 опера («Эрнани», «Макбет», Луиза «Миллер», «Махаббат пен зұлымдық», «Леньянодағы шайқас» және т.б.) жазады. Келесі онжылдықта таңғажайып опералық үштік «Риголетто», «Трубадур», «Травиата» Вердиға үлкен табыс әкелді. 1861 жылы петербургтік Мариин театры үшін жазылған «Тағдыр күші» аяқталып, Испанияға барған сапардың әсерімен 1866 жылы «Дон Карлос» жазылады. Египет үкіметінің тапсырысымен 1870 жылы Вердидың атақты операларының бірі «Аида» жазылды. Шығармашылық жолының соңында «Отелло» мен «Фальстаф» сынды атақты туындыларын өмірге әкелді.
Әйгілі сазгер 1901 жылы 27 қаңтарда Миланда қайтыс болды.
№1 ЛИБРЕТТОНЫҢ МӘТІНІ
Оқиғи Мемфис пен Фивада перғауынның құдіреті жүріп тұрған кезеңде өтеді.
Жоғарғы абыз РАМФИР:
– Суық хабар, сұм хабар!
Сұмырай Эфиоп патшасы
Шекарадан бері аттамақ,
Фива мен Ніл алабын
Жау табаны таптамақ.
Құдай ана Изидаға
Жар бола гөр деп
Жалбарындым күнімен.