Әлем әдебиеті

БӘРІМІЗДЕ БІР ҮМІТ

0

СҰЛУ САЗДЫ СӨЗ САРАСЫ

Ян РАЙНИС

БӘРІМІЗДЕ БІР ҮМІТ

Ян РАЙНИС (Янис Плиекшан) (1865-1929) – ақын, драматург, аудармашы, саясаткер, қоғам қайраткері, Латвияның халық ақыны. 1865 жылдың 11 тамызында Латвияның Белоруссия, Ресей, Литва жерімен шектесіп жататын шеткері ауылында (Варславаны хуторы) дүниеге келген. Ақын ауылына ең жақын мәдени орталық Динабург (Даугава өзенінің бойы) қаласы болды. Әкесі Криньян Плиекшан – шағын дәулетті адам. Отбасындағы жалғыз ұл. Туған жерінің ғажайып табиғатын тамашалап, жағасы көрікті өзенді, жасыл желекке малынған шалғынды алқаптың ен ортасында өсті. Оның өлеңдеріндегі Күн, Даугава деген ұғымдар образға айналып кеткені сондықтын.

Ян Райнис Рига гимназиясында, Петербург университетінің заң факультетінде білім алады. Университетте жүріп батысеуропалық даңқты қаламгерлердің шығармаларымен танысады. Осы кезде-ақ әлем халықтарының классикалық поэзиясының анталогиясын шығаруды армандайды. Гимназияда жүрген кезінде Гетенің «Фаустын» аударуды бастайды да, айдауда жүріп аяқтайды. Ал гимназияны бітірер шақта А. Пушкиннің «Борис Годуновын» аударады. Петербургте оқып жүрген кез – оның азаматтық байламының қалыптаса бастаған шағы. Заман, уақыт шындығын өзек еткен буырқанысқа толы шығармалары осы жылдары туады. Қуғын-сүргінді көріп, бірнеше рет жер аударылады. Оның «Далекие отзвуки синим вечеров», «Посев бури», «Тихая книга», «Те, которые не забывают», «Конец и начало» атты жинақтары жарық көрген.

Латвия Республикасы Конституциялық жиналысының мүшесі болып сайланған. Латвия Конституциясы авторларының бірі. Ұлттық театрдың директоры, білім министрі қызметтерін атқарды. Өлеңдері әлем халықтарының бірнеше тіліне аударылған.

 БІР ТҮНДЕ

 Ғаламат шығар: бір түнде ғайып болды олар

Атса да ақ таң, жоғалып тынды қолда бар:

Төңірек мылқау, жұлдыздар сөніп жоғалған,

Торғайлар да әнін доғарған.

Өлең шөп, өндір, жас орман жайнап тұр әне,

Жапырақ бетін алтындап күннің шуағы.

Жүректе үрей: қоштасар кезің келген де

Өледі солай сөз бенен дыбыс шерменде.

Рұқсат алу

Аударған Ғазиз ЕШТАНАЕВ

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.