Әлем әдебиеті

ӘНДІ КҮТТІМ, АРАЙЛЫ ТАҢДЫ КҮТТІМ

0

СҰЛУ САЗДЫ СӨЗ САРАСЫ

Гийом АПОЛЛИНЕР

ӘНДІ КҮТТІМ, АРАЙЛЫ ТАҢДЫ КҮТТІМ

Гийом АПОЛЛИНЕР (1880-1918) – аса көрнекті ақын, француз әдебиетінің классигі.

Монакода Сен-Шарль лицейінде білім алған. 1898 жылы Парижге көшіп келіп, алғашқы өлеңдерін жариялады. Бір кездері мұғалім болып жұмыс істеп, содан кейін өз ғұмырын тұтастай әдебиетке арнады. 1913 жылы шыққан «Ішкіштер» өлеңдер жинағы ақынның үлкен жетістігі болып саналады. Оның шығармашылығының алғашқы кезеңінде символизмнің әсері байқалады. Ол өзінің өлеңдерінің көпшілігін 1918 жылы шыққан «Каллиграмма» жинағында жария етті.

Сондай-ақ Аполлинер «Граффити» ескі техникасын жаңғыртып, өлең шумақтары арқылы сурет салды. Кубизмді қолдаған Аполлинер жұртшылықты кубист-суретшілер кітабындағы жаңа бағыт өкілдерімен таныстырды. Оның көркем туындыларының қатарына «Убиенный поэт» хикаяты, «Отырған әйел» романы мен «Ересиарх пен Ко» әңгімелер жинағы кірді. 1917 жылы оның «Сосцы Тиресия» сюрреалистік драмасы қойылды.

Аполлинер 1918 жылы Парижде қайтыс болды.

КҮН СҰЛУЫ

 Ашыламын алдыңда – тірі адаммын,

өмірің мен өлімің сынаған мың.

Махаббаттан,

азаптан,

қуаныштан –

алынбаған азын біл, сыбағамның,

мұң мұнартып басынан мұнарамның,

шыбық емес, қолыма

шырақ алдым.

Аз кезбедім әлемді…

сынақ алдың,

тіршіліктің тілін де сұрап алдым.

 

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.