Әлем әдебиеті

«ШИЛЬОН ТҰТҚЫНЫ» ҚАЛАЙ АУДАРЫЛҒАН?

0

ТӘРЖІМЕ ТАРАЗЫСЫ

Әйгерім ӘЛІМЖАНОВА

«ШИЛЬОН ТҰТҚЫНЫ» ҚАЛАЙ АУДАРЫЛҒАН?

Әдебиеттің даму процесі мен халықтың рухани өмірінде көрнекті рөл атқарып келе жатқан негізгі жанрдың бірі – поэма.

Поэма – оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын, кейде жыр-толғау түрінде келетін көлемді шығарма. Сюжетті оқиға желісін ширақ өрістетіп, кейіпкерлердің іс-әрекетін бейнелеуге негізделеді. Ал сюжетсіз поэмада лирикалық сарын басым болады. Көлемі жағынан шағын келеді. Әдебиет тарихындағы синергетикалық жанрға жататын поэма туралы сөз еткенде жалпы әдеби процестің құрамындағы өзекті мәселелердің бір саласына тереңдеп бару керек сияқты. Өйткені тарихи тұрғыдан алып қарағанда қазақ поэмасының жанр ретіндегі сипаты бұдан сан ғасырлар бұрын белгілі болды десек те, ол XIX ғасырдың екінші жартысынан бергі дәуірде ғана қалыптасты. Демек, қазақтың жаңа әдебиетінің басы болған Абай шығармашылығы осы дәуір әдебиетінде рухани өзгерістердің айғағы, жемісі болды.

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

*