Әлем әдебиеті

ТӘЖІРИБЕЛІ ТӘРЖІМЕШІ

0

АУДАРМА ӨНЕРІНІҢ ҚЫРЛАРЫ

Лаура ДӘУРЕНБЕКОВА

ТӘЖІРИБЕЛІ ТӘРЖІМЕШІ

1960-1980 жылдардағы қазақ тіліне аударылған көркем шығармаларды талдау барысында, аудармашылардың аударып отырған мәтінін оқырманның қабылдау, түсіну ерекшеліктеріне сәйкестендіру үшін, аударма теориясындағы түрлі әдіс-тәсілдер қолданылған. Атап айтқанда, лексикалық, семантикалық трансформациялар: жіктеу, нақтылау, ұлғайту, мағыналық даму сияқтылар. Тікелей аударма болсын, сатылы аударма болсын Ә. Сатыбалдиевтің интерпретациялық ұстанымы – түпнұсқаны барынша дәл жеткізу. «Аудармашының түпнұсқа шеңберінен шығып кетуге қақысы жоқ. Түпнұсқа мәтіні қандай аудармашыға болмасын бұлжымас заң. Ал, аударма үдерісінде кейбір еркіндіктер, мәселен, бір сөзді немесе бір ұғымды басқа сөзбен беру кейде түпнұсқа әрпінен аулақтау – бұлар ауытқу емес, сапалы аударма жасаудағы әдіс-амалдар болып табылады», – дей отырып, Ә. Сатыбалдиев түпнұсқа мәтіннің коммуникативтік ақпаратын дәл жеткізеді. Аудармашының орыс, өзбек тілінен жасалған қай көркем аудармасын алсақ та, оқырман жүрегіне төл туындыдай әсер етері анық. Өйткені, ол көркем аударма шарттарын жақсы меңгерген.

Рұқсат алу

 Лаура Дәуренбекова – филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы» кафедрасында аға оқытушы болып қызмет атқарады.

Пікір қалдыру

*