Әлем әдебиеті

ТӘРЖІМЕЛЕНУГЕ ТИІС ӨЛЕҢ

0

ТӘРЖІМЕ ТУРАЛЫ ТОЛҒАМДАР

Бэлла АХМАДУЛЛИНА

ТӘРЖІМЕЛЕНУГЕ ТИІС ӨЛЕҢ

Тәржімеленуге тиіс өлең күрделі өмір сүреді әрі үш қайтара дүние кешеді. Туған тілінде өзегі толы өмір сүретін өлең дегеніңіз кейіннен жолма-жол аудармаға айналғанда, өлімші күйге түсетін тәрізді. Бұрынғы сұлу сымбаты мен сазынан айрылған ол тынысы тарылып, сақауланып, самарқау тіршілік иесіне айналады. Мұның өзі өлең тағдырындағы ең бір қатерлі, ең бір алаңдатарлық сәт. Ендеше осы сәтте тәржімеші не істеуі керек? Ендеше ол өлеңге жан бітіріп, оған бұрынғысына парапар әрі дәл сондай әуезді жаңа өмір сыйлай ала ма, әлде бұрынғы шалажансар қалпында қалдыра ма?

Жолма-жол аудармада маған әрдайым әлдеқандай бір жаураушылық, жатырқаушылық жатқандай көрінеді де тұрады. Ол ата-анасының қарауынсыз қалған бала тәрізді. Ендігі жерде осы баланы бауырына тартып, жылуы мен жарығына бөлей ме, әлде өзге тілдегі күйінде жатырқаулы жетім қалпында қалдыра ма – бәрі де сол бөтен адамның, тәржімешінің қолында.

Сондықтан да мен тәржіме екі ақынның арасындағы өзара орасан зор сенімнің көрінісі деп санаймын, өйткені олардың бірі екіншісінің алдына ағынан жарылып жан сырын жайып салуға тиіс. Олардың екеуіне де бас сүйегіне қарап көне дүниенің көркем кейпін қалпына келтіре білген сұңғыла ғалым сынды жолма-жол аударманың сұлбасына сүйеніп, өлеңнің шынайы кескінін айнытпай бере алатын ерекше сергектік, көрегендік пен ұшқыр қиял керек.

Рұқсат алу

6 Кенеттен, қырғауылдай қылаңдап қалыңдық шықты аулаға…» – мағыналық тәржімесі.

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.