Әлем әдебиеті

ЖОЛМА-ЖОЛ НҰСҚАНЫҢ ЖОСЫҒЫ

0

ТӘРЖІМЕ ТУРАЛЫ ТОЛҒАМДАР

Владимир ДУДИНЦЕВ

ЖОЛМА-ЖОЛ НҰСҚАНЫҢ ЖОСЫҒЫ

Көп жылдардың жүзінде өзіміздің туысқан республикалар жазушыларының қаламынан туған романдар мен повестерді тәржімелеумен шұғылданған кезіңде, қандай да бір қарымы мол істегі секілді, кейде шешімі қиынға түсетін түйінді мәселелерге кезігетінің бар. Тегінде мұның өзі тұтас тәржіме ісі үшін де, әрі осы іспен шұғылданатын адамдардың баршасы үшін де ортақ мәселе.

Солардың ішіндегі бастыларының бастысы – орыс мәтінінің түпнұсқаға шын мәніндегі сәйкестігі проблемасы, көркемдік сайма-сайлығы проблемасы. Әсіресе түпнұсқа мен тәржіменің арасында дәнекер буын – жолма-жол аударма, жұп-жұмыр мәтін тұрса, түйінді шешу қиындай түседі. Соған қарап отырып, кей кездерде тіптен екі тілді білген күннің өзінде соның ешқайсысын да жетік білмейтіндей етіп тәржімелеуге болатынына көз жеткізесің.

Рұқсат алу

 Владимир Дудинцев – белгілі орыс жазушысы, әйгілі «Белые одежды» романының және басқа көптеген танымал туындылардың авторы.

Пікір қалдыру

*