Әлем әдебиеті

ПОЭТИКАЛЫҚ КЕСКІНДЕУ ӨНЕРІ

0

ТӘРЖІМЕ ТУРАЛЫ ТОЛҒАМДАР

Смауил МАРШАК

ПОЭТИКАЛЫҚ КЕСКІНДЕУ ӨНЕРІ

Самуил Яковлевич МАРШАК (1887-1964) – көрнекті орыс кеңес ақыны, сыншы, белгілі аудармашы. Шет тілдерінен, соның ішінде ағылшын әдебиетінің шоқтықты шығармаларын, сондай-ақ Кеңес Одағы халықтары әдебиетінің тұғырлы туындыларын орыс тіліне тәржімелеген. Ақынның балаларға арналған өлеңдері көп таралыммен қазақ тілінде талай мәрте жарық көрген.

 * * *

«Аударма», «аудару», «аудармашы» – жалпақ жұрт қабылдаған, дағды бойынша заңға айналып кеткен осынау сөздердің, сайып келгенде өзіміз көркем, ақындық тәржіме ретінде түйсінетін түсінікке сәйкестігі тіптен шамалы.

Біз сағат тілін аударамыз, бір көліктен екінші көлікке жүкті аударамыз, пошта немесе телеграф арқылы ақша аударамыз.

Сөйтіп, «аударма» сөзінен туындыгерлікке қатысы жоқ, әлдеқандай техникалық лепті сезінеміз. Тегінде, бір тілден келесі тілге құжатты, хатты немесе ауызекі сөзді аударған кезде бұдан пәлендей ағаттықтың аңғарылмайтыны да рас.

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.