Әлем әдебиеті

«ЭНКИДИАДА»

1

ЗЕРТТЕУ. ЗЕРДЕЛЕУ. КӨЗҚАРАС

Мұрат ӘУЕЗОВ

«ЭНКИДИАДА»

 Шумердің «Гилгамен» эпосы жайлы

Басыңдағы баспанаң ба мәңгілік?

Қышқа басқан тас таңбаң ба мәңгілік?

Бірге өскен бауырың ба мәңгілік?

Адамдарды бір-біріне айдап сап,

Қырқыстырған күндестік пе мәңгілік?

 Бұл жолдар әлемді топан су қаптаған кезде өмір сүрген аккадтықтардың Нұх пайғамбары Утнапиштидің монологынан алынды. Негізгі мәтіннен оңаша осы оқшау тұрысында да бұл сөздердің сыны еш бұзылмайтыны аңғарылады.

Көне «қалыпты» кері ысырып тастаған жыр әуенінен адамдарды бауырластыққа, өзара түсіністікке шақыру іспетті ізгі тілектердің үні айқын естіліп тұр. Бұрынғы өмір сүру мазмұны тұтасымен топан судың аяусыз аранына жұтылып, пейілі адалдықтан аман қалған адам ретінде Құдайлар «қатарына» қабылданған Утнапиштидің өзі іспетті, сөздері де жаңа реңкке, мән мен мағынаға ие. Рас, өз қазанында, яғни, Гілгәмеш туралы эпоста, дәлірек айтқанда, Утнапиштидің монологына, олар біршама дәрменсіздеу, мұңлылау естіледі. Монолог «Сұм ажал ешкімді де аямайды» деп келетін жалпылама ой ауанымен басталады да, адамның қолында тұрған ештеңе жоқ екені, бәрі де Құдайлардың маңдайыңа не жазғанымен анықталатынына тоқталады. Ажал бәріне соңғы нүкте болмақ. Жауыздыққа да, мейірімге де, олардың өзара тартысына да. «Мәңгілік» ештеңе жоқ, өйткені, ештеңе мәңгілік болып жаратылмаған. Біз эпиграфқа таңдап алған сөздер Утнапишти монологының тұтқынында тұрғанда осы ойлардың дәлелі іспетті болып қала бермек.

Рұқсат алу

Аударған Әмірхан БАЛҚЫБЕК

Пікірлер: (1)

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.