Әлем әдебиеті

ТАҢҒАЖАЙЫП ТАГОР

0

ӘЛЕМГЕ ТАНЫМАЛ ТҰЛҒАЛАР

 ТАҢҒАЖАЙЫП ТАГОР

Дүниедегі ең талантты адамдардың бәрі жұмбақ. Шын талантты адам әрі биік, әрі терең, әрі кең, сондықтан ол бас алады әріден. Жұмбақ емес адам талантты да емес. Ұлы Абай: «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла», – деді ғой. Біз сөз еткелі отырған Үндістанның дарабоз дүлдүл данасы Рабиндранад Тагор да жұмбақ. Тагор – оңайлықпен жалынан сипатпайтын тарлан тұлпар. Көкке шапшып, Айға атылып тұр. Тагорға әбден өткелектен өтіп, дымың құрып зорға жетіп, ынтызар боп ынтығып, іңкәр боп үзіліп, дайындықпен келмесең оның көкжиегін көре алмайсың. Өйткені, Тагор тылсым тың жұмбақ, түпсіз терең тұңғиық. Ойлап көрші… дүниенің өзі де жұмбақ қой. Тагор – зор, өр, ер, табиғаттай тұтас, бітімі бөлек бірегей, зәулім заңғар, буырқанған бұла, мұқалмас мұра.

Міне, осындай, басқадан оқ бойы оқшау тұрған, жалаң басын ғарышқа ұрған, қыран көзін адамзатқа бұрған телегей теңіз тау тұлғаның текті тұрпатына қарай бет алайық.

Рұқсат алу

Әубәкір НІЛІБАЕВ

Алматы қаласы,

10.06.2010.

Пікір қалдыру

*