Әлем әдебиеті

ТРИФОНЫЧ

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Валентин ДМИТРИЕВ,

марий жазушысы

ТРИФОНЫЧ

Биылғы көктем жылдағыдан едәуір ерте шықты. Көкек айының соңы болса да көгілдір аспаннан жерге төгілген күн сәулесі көз аштырар емес. Кең даланы еркін көсіліп алып жатқан орман өзінің жаңа ғана бүршік ата бастаған жасыл жапырақтарымен ерекше сән беріп тұр.

Көктемнің мұндай ғажайып сәттерін поезд ішінде отырып вагон терезесінен тамашалаған қандай ғанибет. Көз алдыңнан бұйралы қайыңдар, жіңішке әрі тіп-тік, бейне бір шыраққа ұқсаған қарағайлар, шырша мен самырсындар көлбеңдеп өтіп жатады. Ал, ауадан туған жердің небір әсем жұпар иістері аңқиды. Таза ауаны жұтқан сайын бүкіл өне бойың бұлақтың мөлдір де салқын суын ішкендей сергіп сала береді. Ойлар сұңқардың самғауындай белгісіз шартарапқа толассыз кетіп жатыр дейсің бір. Мұндайда өзіңнің көңіліне жақын, жан жадырататын ең жақсы көретін әніңді айтқың келетіні бар.

Рұқсат алу

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.