Әлем әдебиеті

ТЫРТЫҒЫ БАР АДАМ

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Сомерсет МОЭМ

ТЫРТЫҒЫ БАР АДАМ

Уильям Сомерсет МОЭМ (1874-1965) – көрнекті ағылшын жазушысы. 1874 жылы 25 қаңтарда Франциядағы британ елшілігінің заңгері отбасында дүниеге келеді. Он бір жасында ата-анасынан айрылып, Англиядағы туыстарының қолында тәрбиеленеді.

Алғашқы романы «Ламбеттік Лиза» медициналық мектепте оқып жүргенде жазылады. 1907 жылы «Леди Фредерик» пьесасы жарыққа шыққаннан кейін оның есімі көпшілікке кеңінен танымал бола бастайды. Оның «Эшенден, немесе Британдық агент», «Шеппи», «Театр», «Ұстара жүзі» және тағы да басқа көптеген еңбектері бар.

Белгілі жазушы 1965 жылы 15 желтоқсанда Ниццеде қайтыс болған.

* * *

 Мен оған ең алғаш назар аударғаным да дәл осы жарты ай пішініндес болып маңдайынан иегіне дейін созылған, қызыл тартқан білеудей тыртығына көзім түскендіктен еді. Бұл не қылыш соққысы, не снаряд бөлшегінен қалған жан түршігер жарақат ізі екені көрініп тұр. Не де болса бұл тыртық оның қарапайым да мейірімді, домалақ жүзінде біртүлі оғаш көрінетін. Бет әлпетінің өзі де оның мұндай алып денесімен бір түрлі үйлеспейтін. Ол орта бойдан жоғары мығым келген, білекті адам еді. Оның үстінен сол бір ескірген сұр костюмі мен хаки түстес жейдесі, басынан мыжылған самбреросы түспейтін. Үсті-басына жинақылық та артық болмас еді. Күн сайын коктейл уақытында ол гватемалдық «Палас-отелесіне» келетін де, бардың ортасын асықпай аралай жүріп, лотерей билетін сатумен айналысатын. Егер бұл оның күн көріс көзі болса, онда ол өте нашар тұрмыс кешетін болу керек, өйткені мен одан біреу-міреудің билет алғанын мүлде көрген емеспін; алайда, анда-санда біреулер оған ішімдік ұсынып тұратын. Ол ешқашан бас тартқан емес. Тыртығы бар адам үстелдер арасынан алыс жолдарға үйреніп қалған адамдай баппен ғана теңселе өтіп әрбірінің қасына тоқтап, сәл жымиып билеттерінің санын атайды, егер оған ешкім назар аудармаса, сол күлген күйі ары өте беретін. Ол үнемі қызу жүретін болу керек.

Рұқсат алу

Берілген мақалаға пікір жазылмайды.