Әлем әдебиеті

ЖАНЫМДА ЖОҚ ТЫНЫШТЫҚ

0

ЖАҺАН ЖЫРЛАРЫ ДЕСТЕСІНЕН

Роберт БЕРНС

ЖАНЫМДА ЖОҚ ТЫНЫШТЫҚ

Шотланд ақыны Роберт БЕРНС (1759-1796) шаруа отбасында дүниеге келген. Англияның қарамағына өткен Шотландияның аграрлық-өндірістік төңкерістерді бастан өткеруі болашақ ақынға үлкен әсер етті. Ол өздігінен ізденіп, білім алады, 15 жасынан өлең жазады. «Екі бақташы», «Әулие Виллидің дұғасы» поэмалары көпшілікке қолжазба күйінде тарап кетеді. 1786 жылы «Шотланд диалектісінде жазылған өлеңдер» атты бірінші кітабы жарық көреді. Ақын онда өз сезімдері, ойлары, өмірі жайлы сыр шертеді. 1787 жылы Эдинбургке келген соң екінші жинағы жарыққа шығады. Ақын көп жылдар бойы туған халқының фольклорын жинаумен айналысты. ХVІІІ ғасырдың аяғындағы француз революциясына үн қосып, «Бостандық ағашы» атты өлеңдер топтамасын жазды. Ақын поэзиясына ирония, сарказм, лиризм, юмор тән.

Жағадағы жай тауып тас үңгірден,

Адамдардан қайғымды жасырдым мен.

Тағдырымнан құтылман, қалып қойды,

Жанарымда құрғамай жасым мүлдем.

Суайт әйел, білемін сертің әлсіз,

Сүйіктіңмен күлерсің сен күмәнсіз.

Қайғымның да құны жоқ бір сен үшін,

Бақытымның өйткені дерті мәнсіз.

Рұқсат алу

 Аударған Қалқаман САРИН

Қалқаман САРИН 1978 жылы 2 қаңтарда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Архат ауылында дүниеге келген. С. Бекбосынов атындағы Арқат орта мектебін бітіргеннен кейін 1994 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің тарих факультетіне оқуға түсіп, оны 1998 жылы тамамдаған.

Халықаралық Шабыт фестивалінің лауреаты. Бірнеше Республикалық, халықаралық жыр мүшәйраларының жеңімпазы, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының иегері.

Пікір қалдыру

*