Әлем әдебиеті

ЖАНЫМ ТЫРДАЙ ЖАЛАҢАШ

1

ЖАҺАН ЖЫРЛАРЫ ДЕСТЕСІНЕН

Ленгстон ХЬЮЗ

ЖАНЫМ ТЫРДАЙ ЖАЛАҢАШ

Джеймс Мёрсер Лэнгстон ХЬЮЗ (1 ақпан 1902, Джоплин, Миссури, АҚШ – 22 мамыр 1967, Нью-Йорк, АҚШ) – американдық ақын, прозашы, драматург. Мектеп мұғалімінің екінші перзенті. Ата-анасынан афроамерикандық, еуропалық, үнділік тамырларды мұра еткен Хьюз «Гарлемдік ренессанс» аталған мәдени қозғалыстың жетекші әрі беделді қаламгері ретінде белгілі. Оның алғашқы өлеңі Кливленде орта мектепте оқып жүрген кезінде жазылды. Бұл өлең «Сью қызыл киім киген шақта» деген атпен джаз поэзиясы бағытында туындаған.

Хьюз әр түрлі жанрда (поэзия, роман, автобиографиялық проза, әңгіме, пьеса) шексіз мол мұра қалдырды. Газеттермен де тығыз байланыста жұмыс істеп, бас кейіпкері қалалық қара нәсілді Симпл болған сатиралық очерктер топтамасын жазды.

КЕРНЕЙШІ

Негрдің иегі…

Мыс керней билеген.

Шаршаған –

Көз нұрын ай шайқап ішем дер.

Құл тағдыр… өз еркі басына тимеген.

Жадында жаңғырып кемелер… кісендер…

Рұқсат алу

 Аударған Әнуар БИМАҒАМБЕТ

Әнуар БИМАҒАМБЕТ – ақын, «Шабыт-Millenium» халықаралық фестивалінің лауреаты, «Жетімтоғай жапырағы», «Оғыланды жырлары» атты кітаптардың авторы.

 

Пікірлер: (1)

ote birturli audarma. akynnyn oz olenderi siakty okylady eken

Пікір қалдыру

*