Әлем әдебиеті

СЕН ӨТІП КЕЛШІ, СҮЙІКТІМ

0

ЖАҺАН ЖЫРЛАРЫ ДЕСТЕСІНЕН

Робрет ФРОСТ

СЕН ӨТІП КЕЛШІ, СҮЙІКТІМ

Роберт Фрост (26 мамыр 1874, Сан-Франциско – 29 қаңтар 1963, Бостон) – АҚШ тарихындағы ірі ақындардың бірі, Пулитцер сыйлығының төрт дүркін иегері (1924, 1931, 1937, 1943).

Роберт Фросттың алғашқы өлеңі 1913 жылы жарияланды. Ақын поэзиясында ең әуелі Жаңа Англия ауылдарының тыныс-тіршілігі, шындығы терең философиялық астармен жырланғанын айта кету керек. Оның сүйікті лирикалық қаһарманы – Нью-Хэмпшир фермері болды. Фросттың 1923 жылы жарық көрген «Нью-Хэмпшир» атты төртінші кітабына Пулитцер сыйлығы берілді. Бұл – төрт рет ие болған сыйлығының алғашқысы еді. Аталмыш кітап шексіз кеңістікті жыр еткен сюжетті, сондай-ақ қысқа да тым биязы медитативті лирикасымен ерекшеленді. «Кей жерлер көгілдір», «От пен мұз» сынды жинақтарына енген өлеңдеріне негізінен нәзік психологизм, философиялық сарын тән болды. Сондай-ақ ежелгі грек трагиктерінің, атап айтқанда, Еврипидтің де әсер-ықпалы көрінді. Ақын өлеңдерінде адам жанының қат-қабат сырлары, кеңістіктегі орны, табиғатпен қарым-қатынасы да ерекше көрініс тапты.

ЖАҢБЫР ЖЫРЫ

Жыртылып жауған жаңбырдан

Жетім жол жатыр жарқырап.

Шашырап ұшқын тамшылар

Тұяқтың ізін малшылап.

Қауызын басқан қаяу-мұң

Жылайды гүлдер шетінен.

Сен өтіп келші, аяулым,

Жаңбыр мен желдің өтінен.

 

Рұқсат алу

Аударған Әнуар БИМАҒАМБЕТ

Пікір қалдыру

Сіз пікір жазу үшін кіруіңіз қажет.