Әлем әдебиеті

ӘДЕБИЕТКЕ — МАДАҚ, ТӘЛІМГЕ — ТАҒЗЫМ

0

НОБЕЛЬДІК ДӘРІС

Марио ВАРГАС ЛЬОСА

ӘДЕБИЕТКЕ – МАДАҚ, ТӘЛІМГЕ – ТАҒЗЫМ

Марио ВАРГАС ЛЬОСА – 1936 жылы 28 наурызда Арекипада дүниеге келген пе­руандық прозаик және драматург, публицист, саяси қайраткер.
Ол балалық шағын Боливияда өткізеді. Кезінде КСРО жастарының сүйіп оқыған кітабы – «Қала мен иттер» романының авторы. Ол роман КСРО мен АҚШ­-та экран­далды. Латын Америкасы қоғамында орын алған әділетсіздікке анархиялық қарсылық білдіретін және зорлық­зомбылықты өмірдің әлеуметтік салты ретінде бейнелеген «Күшіктер» повесі жарияланғаннан кейін кейбір сыншылар оны «Хемингуэйдің ізбасары» деп атады.
Құрметті Легиона Орденінің кавалері. Оған Астурий ханзаданың әдеби, неміс кітап сатушыларының әлемдік және Чино дель Дук сыйлығы берілген. Сервантес сыйлығының лауреаты. Испан корольдік академиясының мүшесі, бірқатар Европа мен Америка университеттерінің құрметті докторы.
Перуандық әлемге әйгілі қаламгер былтыр Нобель сыйлығының лауреаты атанды.

* * *

Әдебиет біздің сұлулық пен бақыт жайлы армандарымызға ой тастап қана қоймай, төніп келе жатқан қауіп-қатерді алдын ала ескертетіндігіне, кез келген қысымды ашық көрсететіндігіне ешкім күмәнданбай-ақ қойсын. осыдан келіп мынадай сұрақ туындайды: адам баласының шыр етіп өмірге келгенінен бастап о дүниеге аттанғанға дейінгі қадамын бақылағысы келетін режимдердің барлығы әдебиеттен қорқатыны соншалық – репрессивті цензураны енгізіп, тәуелсіз жазушыларды көздерінен таса қалдырмайтын себебі неде? олардың бұлай әрекет етуінің себебі – оқырманның кітап кейіпкерлерінің кейпіне еніп, шынайы өмір  мен салыстырып, қиялданатынын сезеді, ал жазушылардың «қиялынан туған» дүниесінің кейде бүлікке ұласып кететінін түсінеді. Себебі – оқырман көркем шығарма арқылы обскурантизм мен  үрейді еркіндік, бостандық жеңе алатынына көзін жеткізеді, сөйтіп, оны шынайы өмірде жүзеге асырғысы келеді… Толығырақ »

ДӘСТҮРІ БАЙ, БАҒЫТЫ ЖАҢА ӘДЕБИЕТ

Комментарии отключены

СӨЗ БАСЫ

ДӘСТҮРІ БАЙ, БАҒЫТЫ ЖАҢА ӘДЕБИЕТ


XIII ғасыр, яғни Біріккен Моңғол мемлекеті құрылғанға дейін киіз туырлықты көшпенділер әдебиеті әдеттегідей халық ауыз әдебиеті формасында дамып келді. Ауыз әдебиетінің негізгі түрлері жыр, аңыз, ертегілер, бақсылық домдары, өсиет-қағидалар, бата соғыс пен аң аулау кезінде айтылатын ұрандар сипатында болды. Тарихи деректер бойынша көшпенділердің ең алғашқы жыры – біздің жыл санауы­мыздан бұрынғы I ғасырда Ғұн (Хүннү) елінде ән болып айтылған төрт жолдық қасіретті өлең болып табылады. Кейін мұндай өлеңдер моңғолдар ортасына кең таралып, бүгінге дейін «уртын дуу» (ұзақ, созылыңқы ән деген мағынада) деген жеке жанр ретінде сақталған.

Көшпенді моңғолдардың көнеден жеткен ертегі, аңыздарының ішінде Орта Азия халықтарының және Америка үндістерінің арасында айтылатын нұсқалармен үндесетіндігін зерттеушілер атап көрсетуде. Сондай-ақ Ежелгі грек философы Эзоптың мысал ертегілері, «Інжілде» жазылған аңыздар да моңғол ауыз әдебиетінде кездеседі және Ескендір туралы баяндалатын «Сулхарнайн тууж» (Зұлхарнай жыры) атты ертегі де бар. Олардың ішінде таңды таңға, күнді күнге ұрып, әндетіп айтылатын жырлардың орны айрықша. Айталық, Батыс Моңғолдың атақты жыры «Жаңғыр»-ды толық нұсқасымен жырлап шығу үшін алпыс тәулік уақыт кететіндігін зерттеушілер анықтап отыр. Толығырақ »

ТӘЖІРИБЕЛІ ТӘРЖІМЕШІ

0

АУДАРМА ӨНЕРІНІҢ ҚЫРЛАРЫ

Лаура ДӘУРЕНБЕКОВА

ТӘЖІРИБЕЛІ ТӘРЖІМЕШІ

1960-1980 жылдардағы қазақ тіліне аударылған көркем шығармаларды талдау барысында, аудармашылардың аударып отырған мәтінін оқырманның қабылдау, түсіну ерекшеліктеріне сәйкестендіру үшін, аударма теориясындағы түрлі әдіс-тәсілдер қолданылған. Атап айтқанда, лексикалық, семантикалық трансформациялар: жіктеу, нақтылау, ұлғайту, мағыналық даму сияқтылар. Тікелей аударма болсын, сатылы аударма болсын Ә. Сатыбалдиевтің интерпретациялық ұстанымы – түпнұсқаны барынша дәл жеткізу. «Аудармашының түпнұсқа шеңберінен шығып кетуге қақысы жоқ. Түпнұсқа мәтіні қандай аудармашыға болмасын бұлжымас заң. Ал, аударма үдерісінде кейбір еркіндіктер, мәселен, бір сөзді немесе бір ұғымды басқа сөзбен беру кейде түпнұсқа әрпінен аулақтау – бұлар ауытқу емес, сапалы аударма жасаудағы әдіс-амалдар болып табылады», – дей отырып, Ә. Сатыбалдиев түпнұсқа мәтіннің коммуникативтік ақпаратын дәл жеткізеді. Аудармашының орыс, өзбек тілінен жасалған қай көркем аудармасын алсақ та, оқырман жүрегіне төл туындыдай әсер етері анық. Өйткені, ол көркем аударма шарттарын жақсы меңгерген. Толығырақ »

ТӘРЖІМЕЛЕНУГЕ ТИІС ӨЛЕҢ

0

ТӘРЖІМЕ ТУРАЛЫ ТОЛҒАМДАР

Бэлла АХМАДУЛЛИНА

ТӘРЖІМЕЛЕНУГЕ ТИІС ӨЛЕҢ

Тәржімеленуге тиіс өлең күрделі өмір сүреді әрі үш қайтара дүние кешеді. Туған тілінде өзегі толы өмір сүретін өлең дегеніңіз кейіннен жолма-жол аудармаға айналғанда, өлімші күйге түсетін тәрізді. Бұрынғы сұлу сымбаты мен сазынан айрылған ол тынысы тарылып, сақауланып, самарқау тіршілік иесіне айналады. Мұның өзі өлең тағдырындағы ең бір қатерлі, ең бір алаңдатарлық сәт. Ендеше осы сәтте тәржімеші не істеуі керек? Ендеше ол өлеңге жан бітіріп, оған бұрынғысына парапар әрі дәл сондай әуезді жаңа өмір сыйлай ала ма, әлде бұрынғы шалажансар қалпында қалдыра ма?

Жолма-жол аудармада маған әрдайым әлдеқандай бір жаураушылық, жатырқаушылық жатқандай көрінеді де тұрады. Ол ата-анасының қарауынсыз қалған бала тәрізді. Ендігі жерде осы баланы бауырына тартып, жылуы мен жарығына бөлей ме, әлде өзге тілдегі күйінде жатырқаулы жетім қалпында қалдыра ма – бәрі де сол бөтен адамның, тәржімешінің қолында.

Сондықтан да мен тәржіме екі ақынның арасындағы өзара орасан зор сенімнің көрінісі деп санаймын, өйткені олардың бірі екіншісінің алдына ағынан жарылып жан сырын жайып салуға тиіс. Олардың екеуіне де бас сүйегіне қарап көне дүниенің көркем кейпін қалпына келтіре білген сұңғыла ғалым сынды жолма-жол аударманың сұлбасына сүйеніп, өлеңнің шынайы кескінін айнытпай бере алатын ерекше сергектік, көрегендік пен ұшқыр қиял керек. Толығырақ »

ЖОЛМА-ЖОЛ НҰСҚАНЫҢ ЖОСЫҒЫ

0

ТӘРЖІМЕ ТУРАЛЫ ТОЛҒАМДАР

Владимир ДУДИНЦЕВ

ЖОЛМА-ЖОЛ НҰСҚАНЫҢ ЖОСЫҒЫ

Көп жылдардың жүзінде өзіміздің туысқан республикалар жазушыларының қаламынан туған романдар мен повестерді тәржімелеумен шұғылданған кезіңде, қандай да бір қарымы мол істегі секілді, кейде шешімі қиынға түсетін түйінді мәселелерге кезігетінің бар. Тегінде мұның өзі тұтас тәржіме ісі үшін де, әрі осы іспен шұғылданатын адамдардың баршасы үшін де ортақ мәселе.

Солардың ішіндегі бастыларының бастысы – орыс мәтінінің түпнұсқаға шын мәніндегі сәйкестігі проблемасы, көркемдік сайма-сайлығы проблемасы. Әсіресе түпнұсқа мен тәржіменің арасында дәнекер буын – жолма-жол аударма, жұп-жұмыр мәтін тұрса, түйінді шешу қиындай түседі. Соған қарап отырып, кей кездерде тіптен екі тілді білген күннің өзінде соның ешқайсысын да жетік білмейтіндей етіп тәржімелеуге болатынына көз жеткізесің. Толығырақ »

ЕСКЕРТКІШ ОРНАТУДЫҢ ҚАЖЕТІ БАР МА?

0

ТӘРЖІМЕ ТУРАЛЫ ТОЛҒАМДАР

Тамара КАЛЯКИНА

ЕСКЕРТКІШ ОРНАТУДЫҢ ҚАЖЕТІ БАР МА?

Көркем әдебиетті КСРО халықтарының тілдерінен орыс тіліне тәржімелеу турасында айтылмаған сөз, жазылмаған жәйт қалмаған секілді. Жиналыстарда, симпозиумдарда, конференциялар мен пікірсайыстарда толассыз айтылады… Газеттерде журналдарда, кітаптарда тоқтаусыз жазылып жатады.

Осы орайда тосын жағдайға тап боласыз: жиналыстарда, жазбаша немесе ауызша пікірсайыстарда КСРО халықтарының тілдерінен тәржімелеу (мен прозалық тәржімелер туралы айтып тұрмын және сол жайында сөз етпекпін) – күні кеше қолға алынған сияқты, оның қалыптасқан әдістемесі де жоқ секілді, бәрін тәжірибелік жолмен танып, алғашқы қадамдарды енді ғана жасай бастағандай әсер туады. Бір қызығы, ұлттық әдебиеттерді тәржімелеу жөніндегі осы жиналыстар мен пікірсайыстарға белсене қатысып жүргендердің басым бөлегі кәсіпқой тәржімешілер емес.

Неге солай? Біздің елімізде әлемдегі ең үздік тәржіме мектебі бар, шетел әдебиетін тәржімелеу шеберлерінің толымды тобы бар, тәржіменің тамаша теориясы түзілген, енді міне, туысқан республикалардың прозасын тәржімелеу мәселесі туа қалған тұста, өзіміздің тәржіме мектебінің жетістіктерін пайдалану орнына қайтадан велосипед ойлап табуға кіріскен сыңайымыз бар. Толығырақ »

ЖОЛМА-ЖОЛ ТӘРЖІМЕГЕ ЕСКЕРТКІШ

0

ТӘРЖІМЕ ТУРАЛЫ ТОЛҒАМДАР

Генрих МИТИН

ЖОЛМА-ЖОЛ ТӘРЖІМЕГЕ ЕСКЕРТКІШ

Ғылыми техникалық революция дәуірінен көп уақыт бұрын қалам тартқан Пушкин былай деп жазған екен: «Ғасыр өздігінен алға жылжиды делік, ғылымдар, философия мен азаматшылық жетіле және өзгере береді делік, – ал поэзия болса, бір орнында қала береді, ескірмек те емес, өзгермек те емес. Мақсаты да баяғы, құралдары да сол баяғы. Ендеше ежелгі астрономия, физика, медицина мен философия өкілдерінің пайымдары, еңбектері, ашқан жаңалықтары көнеріп, күн сайын дерлік жаңғырып жатады, тек қана нағыз ақындардың шығармалары сол баяғы соны, мәңгі жас күйінде сақталып қалуда. Поэтикалық туынды әлсіз, сәтсіз, қате болуы ықтимал, әлбетте бұған алға озып кеткен уақыт емес, сірә, өлең шығарушының дарыны кінәлі болса керек».

Ұлы ақынның айтқанының бәрімен бүгінгі күні біз жеңіл әрі оңай келісе саламыз деген де ойым жоқ. Өйткені біз бәрі де өзгереді, бәрі де ілгері жылжиды дейтін пікірге дағдыланып кеттік. Алайда ақын кәперіне алмаған, ойлап та жатпаған бір ғана мәселе оның пікірінің орынды екені қуаттап тұрған тәрізді. Мен бұл жерде жолмажолдықты1 меңзеп тұрмын. Ол – поэзия құралының бірі. Әлбетте, мен осы орайда кәдімгі қарапайым кәсіптің жемісі жайында емес, сайып келгенде, нағыз поэзиялық құбылыс ретінде қарастыруға татырлық тәржіме туралы айтып тұрмын. Толығырақ »

ПОЭТИКАЛЫҚ КЕСКІНДЕУ ӨНЕРІ

0

ТӘРЖІМЕ ТУРАЛЫ ТОЛҒАМДАР

Смауил МАРШАК

ПОЭТИКАЛЫҚ КЕСКІНДЕУ ӨНЕРІ

Самуил Яковлевич МАРШАК (1887-1964) – көрнекті орыс кеңес ақыны, сыншы, белгілі аудармашы. Шет тілдерінен, соның ішінде ағылшын әдебиетінің шоқтықты шығармаларын, сондай-ақ Кеңес Одағы халықтары әдебиетінің тұғырлы туындыларын орыс тіліне тәржімелеген. Ақынның балаларға арналған өлеңдері көп таралыммен қазақ тілінде талай мәрте жарық көрген.

 * * *

«Аударма», «аудару», «аудармашы» – жалпақ жұрт қабылдаған, дағды бойынша заңға айналып кеткен осынау сөздердің, сайып келгенде өзіміз көркем, ақындық тәржіме ретінде түйсінетін түсінікке сәйкестігі тіптен шамалы.

Біз сағат тілін аударамыз, бір көліктен екінші көлікке жүкті аударамыз, пошта немесе телеграф арқылы ақша аударамыз.

Сөйтіп, «аударма» сөзінен туындыгерлікке қатысы жоқ, әлдеқандай техникалық лепті сезінеміз. Тегінде, бір тілден келесі тілге құжатты, хатты немесе ауызекі сөзді аударған кезде бұдан пәлендей ағаттықтың аңғарылмайтыны да рас. Толығырақ »

ЗӘКИ УӘЛИДИ ТОҒАН. ЕСТЕЛІК

0

 

 ТҮРКІ ДҮНИЕСІНІҢ ТҰЛҒАЛАРЫ

 

 

 

ЗӘКИ УӘЛИДИ ТОҒАН

 

(1890-1970)

 

 

 

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, танымал тарихшы-ғалым Ахмет Зәки Уәлиди Тоған 1890 жылы қазіргі Башқұртстан Республикасына қарасты Ишимбай ауданында дүниеге келді. Ауыл мектебінде сауат ашып, медреседе оқыды. Әйгілі Шехабеддин Маржанидің шәкірттерінен білім алды. Мұнда діни ілімдермен бірге тарих, әдебиет пәндерін оқып, түрік, араб, парсы және орыс тілдерін меңгеріп шықты. 1908 жылы Қазанға барып, Қасымия медресесінде оқытушы болды. Осы жылдан бастап алғашқы мақалалары жарық көре бастады. 1912 жылы «Түрік татар тарихы» атты кітабы жарияланып, Қазан университетінің жанындағы «Археология, тарих және этнология» қоғамына мүшелікке қабылданды. Осы қоғамның төрағасы, белгілі ғалым Н.Г. Катановпен және өзге де орыстың шығыстанушы ғалымдарымен бірігіп жұмыс істей бастады.

 

1916 жылдан бастап саясатпен айналыса бастады. Ресей мемлекеттік Думасының жанындағы «мұсылман» фракциясында хатшы болып қызмет атқарды. Ресейдің ішкі және сыртқы саясаттарының бағытын айқындауға үлкен септігін тигізетін Дума жұмыстарында белсенділік көрсетіп, көптеген саяси қайраткерлермен танысып, шыңдала түсті. 1917 жылғы ақпан және қазан төңкерістері арасында Ресей мұсылмандары арасында ұйымдастырушылық қабілетімен, саяси қайраткерлігімен ерекше көзге түсті. 1917 жылы бүкіл Ресей Құрушылар мәжілісінің мүшесі болып сайланды. Мәскеу, Петербор, Орынбор және Ташкент қалаларында өткен құрылтайларға қатысты. Еділ-Орал, Башқұртсан және Түркістан автономияларының құрылуына қатысып, тарихи оқиғалардың куәсі болды. Әуелі Башқұртстан автономиясының Қорғаныс министрі, кейін Бас қолбасшысы және мемлекет басшысы болып сайланды. Уфа, Самара, Орынбордағы мәжілістерге қатысып, олардың өтуіне ұйытқы болды. Большевиктермен 18 ай істес болғаннан кейін Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысына қатысты.

 

1923 жылы Отанын тастап шығуға мәжбүр болған Зәки Уәлиди Ауғаныстан, Үндістан арқылы Парижге барды. 1925 жылы Түркияға келіп, Стамбул университетінде профессор әрі «Иені Түркістан» журналының бас редакторы болды. 1935-37 жылдары Бонн, 1938-39 Готтинген университеттерінде құрметті профессор ретінде жұмыс істеді. 1939 жылы Түркияға оралған Тоған, Стамбул университетіндегі қызметін одан әрі жалғастырды. Толығырақ »

КЛОД ЛЕВИ-СТРОСС. ГУМАНИЗМ, ӨРКЕНИЕТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ

0

ӘЛЕМДІК АҚЫЛ-ОЙ ҚАЗЫНАСЫНАН

КЛОД ЛЕВИ-СТРОСС

 

ГУМАНИЗМ, ӨРКЕНИЕТ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ

          Клод Леви-Стросс – аса көрнекті француз антропологі, мәдениет зерттеушісі, этнологі әрі социологі. Мәдениетті зерттеу саласындағы структуралистік (құрылымдық) бағыттың негізін салушы. 1908 жылы туған, Сорбонна университетінде білім алған. Жас шағында Руссо, Маркс ілімдерімен, социализм идеяларымен, Кант, Гегель философиясымен қатты әуестенген. Француз социалистік партиясының мүшесі болған.

1935-1938 жылдары Бразилияда тұрған, Сан-Паулу университетінің профессоры болған, Оңтүстік Америка үндістерінің өмірін зерттеп, этнографиялық, антропологиялық, ізденістер жолына түскен. Сол зерттеулерінің нәтижесінде “Туыстықтың қарапайым құрылымы” (1947 ж.), “Тропиктік аймақтың қасіретті тірлігі”(1953 ж.) атты танымдық маңызы зор этнографиялық еңбектер жазған.

1945-1947 жылдары АҚШ-тағы француз елшілігінің мәдениет мәселелері жөніндегі кеңесшісі, 1948-1958 жылдары Ғылыми зерттеулердің Француз Ұлттық орталығы жетекшілерінің бірі, Адам музейі директорының орынбасары, Жоғары зерттеулер Мектебінің жабайы халықтар діні кафедрасының меңгерушісі, ЮНЕСКО-ның әлеуметтік ғылымдар жөніндегі Халықаралық кеңесінің бас хатшысы міндетін атқарушы болып істеген. 1960-1984 жылдары Колледжде Франс деп аталатын әйгілі оқу орнының әлеуметтік антропология кафедрасының меңгерушісі, осы колледж жанынан құрылған әлеуметтік антропология Лабораториясының жетекшісі болған. 1973 жылдан бастап Француз академиясының мүшесі, одан кейін Ұлыбритания королдігі жанындағы антропология институтының мүшесі, бірнеше батыс елдері Ұлттық академияларының мүшесі болып сайланған.

Басты еңбектері: “Нәсіл және тарих” (1952 ж.), “Антропология құрылымы-1” (1958 ж.), “Мифология” (1961-1971 ж., 4 томдық), “Мифтердің құрылымы” (1970 ж.), “Антропология құрылымы-2” (1973 ж.).

ЮНЕСКО-ның тапсыруы бойынша жазылған “Нәсіл және тарих” атты еңбегінде Леви-Стросс адамзат мәдениетінің әралуандығы, олардың өзара байланыстылығы және ықпалдастығы жөнінде айта келіп, “Әлемдік өркениет дегеніміз әлемдік ауқымда алынған мәдениеттер бірлестігі, басқа ештеңе де емес және олардың қай-қайсысы да тек солардың өздеріне ғана тән өзіндік ерекшеліктерін сақтауға тырысады”, – деген тұжырымдама жасайды. Ғалым өз зерттеулерінде өзі негіздеп берген құрылымдық принципке сүйене отырып, мәдениет құбылыстарын олардың ішкі және сыртқы байланыстарының бірлігі және олардың көп деңгейлілігі тұрғысынан алып қарастырады.

Төменде беріліп отырған мақала да ЮНЕСКО-ның тапсыруы бойынша жазылып, дүние жүзінің баспасөздеріне таратылған.

***

Гуманизмнің үш түрі

 

Ғалымдарымыздың көпшілігіне антропология жаңа ғылым сияқты болып көрінеді және мұны олар қазіргі заман адамдарының дүниені танып-білуге деген құштарлығының тағы бір айғағы деп пайымдайды. Сырттай қарағанда шынында да солай сияқты болып көрінуі мүмкін. Мәселен, біздің эстетикамызда ерте дүние өнерінің орын ала бастағанына елу жыл да бола қойған жоқ. Ал одан да бұрынғы қоғамдар өмірін зерттеуге арналған тұңғыш еңбектердің өзі XIX ғасырдың алпысыншы жылдарына ғана барып тіреледі. Ол кезең Ч. Дарвиннің жалпы эволюция мәселесін биологияға байланыстыра отырып қарастырған дәуірі еді. Оның замандастарының пікірі бойынша ғалымның айтып отырған эволюциясы әлеуметтік және рухани тұрғыдан алғандағы адам эволюциясының көрінісі болды.

Этнология туралы бұлайша ойлау-алғашқы тайпалар мен халықтар туралы біздің білім-танымдарымыздың санамыздағы орны жөнінде көпе-көрнеу қателесу болып шығады. Этнология ешкімнің жеке ғылымы емес және ол ешқандай жаңа ғылым да емес: ол біздің гуманизм деп атап жүрген ұғымымыздың сонау ертеден келе жатқан ең жалпы түрі.

Орта ғасырлардың аяғы мен Қайта өрлеу дәуірі кезінде адамдар ертедегі грек-рим әлемін қайтадан жаңаша тани бастады. Ал иезуиттер латын тілі мен грек тілін білім берудің негізіне айналдырды. Міне, дәл осы кездерде этнологияның алғашқы түрі пайда болды. Қайта өрлеу дәуірі ерте дүние әдебиеті қайнарынан әлдеқашан ұмыт болып кеткен ұғымдар мен ойлау әдістерін ашып қойған жоқ, сонымен бірге ол өзінің төл мәдениетін уақыт көшіне ілестіру және төл ұғымдарын басқа дәуірлер мен халықтардың ұғымдарымен салыстыру жолдарын да тапты. Толығырақ »