ҚЫЛҚАЛАМ
Жеңіс КӘКЕНҰЛЫ
суретші, ҚР-ның Мәдениет қайраткері
ДЖОВАННИ БОЛДИНИ
Шығармашылығы ауызға ілінсе-ақ әңгіме ауаны бірден көтеріңкі көңіл күйге еніп, тамсантып-таңырқатып тұратын суретшілер болады. Көрерменін одағай, қысқа эмоциямен дауыстатып, өзіне сүйіндіріп, тәнті ететін. Соның бірі – италиялық суретші Джованни Болдини.
Бізді алғаш, қалың иллюстрациялардың арасынан алақандай ғана болса да көзге бірден шалынып, Болдиниді өзіне тартқан «Кір жуушылар» картинасы еді.
Сарғыш, тастақ жағалаудан еңкейіп барып тұнық айдынды шеңберлей кір шайып отырған әйелдер, қос тертесі көкке шаншылып, төңкеріле жаздап тұрған ескі қол арба, аспан, алабажақ кейпін суға жүздірген бұлттар, сонау арғы жағада көрінген орман, әлдебір қайық кейпі – бір қараған адамға түкке тұрмайтын-ақ сюжет. «Оның несі таң, мұндай суретті екінің бірі салады ғой» десек те, сол таптаурын тақырыпты әйгілеп, өзіне арбап тұрған қасиет – суретшінің картина жазу шеберлігі. Импрессионист суретші Буденнің шығармаларындай табиғаттың тамылжып тұрған жалғыз сәтін шап беріп ұстай алғандығы. Бейнелеу тәсілінің әбжілдігі.
Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Публицистика | Жарияланған күні: 15-02-2013
ҚЫЛҚАЛАМ
Жеңіс КӘКЕНҰЛЫ,
суретші, ҚР-ның Мәдениет қайраткері
Эндрю Уайеттің
«Кристина әлемі»
2006 жылы Филадельфияның Көркемсурет музейінде, сол кезде тоқсан жасты алқымдаған, Америка, Франция, Британия және кезіндегі Кеңес Одағы сурет академиясының құрметті мүшесі, америкалық суретші Эндрю Уайеттің бүкіл шығармаларын қайта еске түсіру мақсатымен өзгеше бір көрме ашылды. Көрменің ерекше болатын себебі – бір өзінің ғана жүз жетпіс бес мың көрермен жинағанында. Көруші селдіреп, музей дәліздерінде адам аяғы сиреп қалған уақытта аңызға бергісіз, қара құрым халық жинаған сол вернисаж суретшінің «Кристина әлемімен» де айрықша еді…
* * *
Уайет өзінің шығармашылық сапарына акварель бояуымен шыққан кісі. (Суретші отбасында дүниеге келген Эндрю Уайетті біреулер «оқымаған суретші» дегенін құлағымыз шалғаны бар. Бекер. Жиырма жасында жасаған тұңғыш жеке көрмесінде оның акварелмен жазған картиналарын бір күнде жұрт түк қалдырмай сатып әкетпеп пе еді? Ол онсыз да «оқып туған кісі» еді ғой. Бойында әкесі, атақты иллюстратор Ньюэлл Конверс Уайеттің қаны ағып жатқан, Жаратқан Ие тағдырын шын суретші қылып жазып қойған Эндрюге оқу не керек?) Кейін темпера дейтін ұнтақ, жұмыртқаның сары уызын араластырып барып жазылатын бояуды қалап алды да, барлық картиналарын сонымен жазып шықты. Өйткені, бәсең де бірыңғай, баяу үндестікте жазылатын бүкіл картиналарының жан дүниесін көрерменге темпера ғана жеткізе алатын еді. Суретшінің даңғазаны суқаны сүймейтін бұйығы мінезі тек темперамен ғана үйлесім тапты.
Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Публицистика | Жарияланған күні: 07-12-2012
ЗЕРДЕ
ТҮРІК ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫНЫҢ ТҮЙІНІ
Түріктердің ғасырлар бойы қалыптасқан ауызша және жазбаша әдебиет дәстүрі кезеңдік дәстүрлердің өнімдерінен құралған. Түрік әдебиетінің тарихи дамуы негізгі үш бөлімде қарастырылады:
– Ислам кезеңінен бұрынғы түрік әдебиеті,
– Ислам өркениетінің ықпалымен дамыған түрік әдебиеті,
– Батыс өркениетінің ықпалымен дамыған түрік әдебиеті.
Бұл кезеңдер түріктердің кірген діни және мәдени орталарының айқындаушы ықпалына назар аударыла отырып жіктелді.
Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Публицистика | Жарияланған күні: 05-10-2012
КҮЛКІМ – БІР ҚЫМБАТ МҮЛКІМ
Юрий НИКУЛИН
ЕЗУІҢІЗДІ ЕРКІНЕ ЖІБЕРІҢІЗ
Жұртшылықтың қадірлісі, артист-клоун, қоғам қайраткері болған Ю. В. Никулиннiң «Почти серьезно…» (Мәскеу, «Терра» баспасы, 1994 ж.) және «999 анекдотов от Никулина» (Мәскеу, «Аутопан» баспасы, 1994 ж.) кітаптары – тағлымы мол еңбектер.
Юрий Владимирович анекдотқа бала кезінен құмар болыпты, естiгенiн дереу жазып ала қояды екен. Сөйтiп жүрiп, өзi де анекдот шығаруға машықтаныпты. Әскерге шақырылғанында 1500 анекдот жазулы дәптерiн қалтасына сала кетiп, өмiр мен өлiм арпалысының әредiктерiнде бiрнешеуiн айтып жiберiп немесе оқып берiп, қарулас дос-жолдастарын күлдiрiп, көңiлдендiрiп жүрiптi. Майданнан оралған соң да анекдот жинау мен жазуды жалғастырған.
Өздерiңiзге ұсынылып отырған мына әңгiмелері автордың естеліктерінен және кітаптарынан алынды. Толығырақ »
ЕЗУТАРТАР
АНАУ ДА МЫНАУ
Виктор Гюго Пруссияға бара жатыпты. Шекарада аялдағандарында анкета толтыратын жандарм одан:
–Немен шұғылданасың? – деп сұрапты.
– Кітап жазам.
– Не жазатыныңда шаруам жоқ, немен мал табасың?
– Қаламмен, – дейді жазушы.
Жандарм анкетаға «Гюго, қалам сатушы» деп жазыпты.
* * *
Джек Лондон баспаға тапсырмақ болған қолжазбасын келісілген уақытында бере алмапты. Баспа иесі оған: «Лондон мырза, егер новеллаңыз жиырма төрт сағаттың ішінде менің қолыма тимесе, онда сізді өз қолыммен жазалаймын. Есіңізде болсын, мен айтқан сөзімде тұрам!» деп жеделхат жіберіпті. Оған Джек Лондон: «Мырза-еке, егер мен де тек қолмен ғана жұмыс істейтін болсам, онда мен де айтқан сөзімде тұрар едім» деп жауап кайтарыпты. Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Публицистика | Жарияланған күні: 19-06-2012
АУДАРМА ӨНЕРІНІҢ ҚЫРЛАРЫ

Сауытбек АБДРАХМАНОВ
ПОЭЗИЯНЫҢ АУДАРМАСЫ ЖӘНЕ АУДАРМАНЫҢ ПОЭЗИЯСЫ
Мыңжылдықтар алмасып, ғасырлар ауысқан соңғы жылдар бүкіл адамзат қауымы үшін орасан өзгерістер кезеңі болды. Ол оқиғалардың бүкіл дүниедегі саяси күштердің ара-салмағын түбегейлі өзгерткені, ең бастысы – жалпыадамзаттық жаңа ұғымдар қалыптастыруға бастайтын тың жолды табуды, соны рухани ізденістерді күн тәртібіне қойып отырғаны талас тудырмайды. Тәуелсіз Қазақстан дүниежүзілік қауымдастыққа еркін араласқан сайын өмірдің қай саласында да аударманың маңызы артқан үстіне арта бермек. Атап айтқанда, әлемдік қауымдастықтың назары түскен дүниелерді, олардың бұрынғыдай орысшаға аударылғанын күтіп жатпай, әлемдік тілдерден қазақшаға тікелей тәржімелеу алдағы ғасырда үйреншікті іске айналатын болады. Сондықтан да қазіргідей өтпелі кезеңде көркем аудармада жинақталған тәжірибені қорыту, оны теориялық тұрғыдан тиянақтау, жетістігі мен кемістігін саралау, сөйтіп маңызды міндеттерді шешудің жолдарын айқындап алу қажет екені даусыз. Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Публицистика | Жарияланған күні: 19-06-2012
БІЛГЕНГЕ – МАРЖАН
Сұлтан ЖАНБОЛАТ
Қытайдың
ғаламтор әдебиеті
Сұлтан Рамазанұлы ЖАНБОЛАТ – профессор, жазушы, кезінде Шинжяң Университетінің проректоры, ШҰАР білім Комитеті төрағасының орынбасары, Бүкіл Қытай Парламентінің депутаты, оның Ұлттар комитетінің мүшесі болған қайраткер. «Үлес» (ҚХР) сыйлығының, “Достық” (ҚР) орденінің иегері. Дүниежүзі Қазақтары ІІІ Құрылтайының Төралқа мүшесі.
* * *
Өткен ғасырда, әсіресе соңғы отыз жылда қатты дамыған қытайлық дәстүри көркем әдебиет қазір жылына мыңдаған роман берерлік күйге жетті. Алайда жуықтағы Қытай әдебиетінде дәстүри жазумен басып шығарылатын саф әдебиет амалсыз «шеттеп», ғаламтор әдебиеті үздіксіз қаулап ұлғаюда. Бүгінгі Қытай әдебиетін «үш әлем» деушілер көбейді. Ол әлемдер: мерзімді басылымдарды алғы шеп еткен дәстүри элиталық әдебиет; қағазбен басып шығаруды нышан еткен кітап базарларындағы әдебиет; цифрласқан медияны вектор (тасушы) еткен ғаламтор (интернет) әдебиеті. Ғаламторлық медияның тебінді етек алуы, ғаламтор әдебиетіне мұндағы әдебиет қағанатының аумағын түгелге жуық жайлатып қана қоймай, оны баспалар шығаратын кітап нарығындағы (базарындағы) өтімді кітаптардың ұясына да айналдырып жіберді. Қытайдың интернет информация орталығы жариялаған 27-статикалық есебі бойынша, 2010 жылдың аяғында торшылар (интернетке шығатындар) саны 457 миллионға жетіп, өткен жылдағыдан 73 миллион 300 мың адамға артқан. Интернеттің жалпыласуы 34,3 пайызға көтерілген. Ұялы телефонмен (қолфонмен) интернетке шығатындар 303 миллион болып, торшылар жалпы санының 66,2 пайызын ұстаған. Ғаламтор әдебиетімен айналысатындар 195 миллионға жетіп, 2009 жылғыдан 19,9 пайыз көтерілген. Бүкіл дүниедегі ханьше (қытай тілді) әдеби торсайттар саны 4000-нан асады екен. Оның Қытай мемлекетінің ішіндегісі 500 көрінеді. Бұлардың ішіндегі үлкенірек бір әдеби торсайттың өзі күніне мыңдаған туынды қабылдайды екен. Бір «Start» сайтына әр күні 10 миллиондай адам келіп, оның 34 миллион иероглифтік мәтіні жаңаланып тұрады деседі. Қытайда 2009 жылы 3000-нан астам роман жарық көрген еді, 2010 жылы жарық көрген романдар саны 4000-ға таяды! Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Публицистика | Жарияланған күні: 04-04-2012
ТӘРЖІМЕ ТУРАЛЫ ТОЛҒАМДАР
Шыңғыс ГҮСЕЙІНОВ
ШЕКСІЗ МҮМКІНДІК ПЕН «ТӨНІП ТҰРҒАН ҚАТЕР»
«Автордың тәржімесі» – мұның өзі бірінші кезекте бүгінгі іс-тәжірибеміздің төл проблемасы. Біршама бертінгі мысалдар: осетин жазушысы Нафи Джусойтының «Оразмақтың оралуы» мен әзірбайжан прозашысы Анардың «Түйісу» повестері, Чабуа Амиреджибидің «Дата Туташхиа» романы. Кезінде Василь Быков пен Шыңғыс Айтматовтың кейбір хикаяттарында «автордың тәржімесі» дейтін осы сөздер ілестірілген. Ендігі жерде бұл теориялық проблема ретінде талқыланып жүр.
Бір қарағанға ешқандай жұмбағы жоқ секілді: автор екі тілді – өзінің ұлттық және ұлтаралық қатынас тілі – орыс тілін туған тіліндей біледі, сол себепті кәсіпқой тәржімешінің қызметіне жүгінбей, өзінің шығармасын өзі тәржімелей береді (Бұл жерде мына жәйтті дәлдей түскім келеді, «ұлттық» сөзін айтқанда, мен «орыс тілі емес» дегенді меңзеймін, мұның өзі терминге айналып кеткен, орыс тілінің де мен «ұлттық тіл» екенін түсінемін).
Ендеше дәл сол Анар немесе Василь Быков өздерінің барлық шығармаларын өздері тәржімелемей, кейбір жағдайларды басқаның көмегіне сүйенді екен? Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Публицистика | Жарияланған күні: 25-10-2011
ТӘРЖІМЕ ТУРАЛЫ ТОЛҒАМДАР
Дандай ЫСҚАҚҰЛЫ
АУДАРМА ҺӘМ ӘДЕБИ БАЙЛАНЫСТАР
Дандай ЫСҚАҚҰЛЫ – филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы гуманитарлық ғылымдар академиясының және халықаралық Айтматов академиясының академигі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. С. Демирел атындағы университеттің проректоры. 1946 жылы мамыр айының 27-ші жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Қоғам ауылында дүниеге келген.
Ғалымның еңбектері негізінен қазақ әдеби сынының теориясы мен тарихына, XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің проблемаларына арналған. «Әдеби көркем сын», «Сын шын болсын», «Сын жанрлары», «Сын өнері», «Сынсонар», «Сын сымбат», «Сынталқы», «Әдебиет айдыны» сияқты еңбектерде әдеби сынның теориялық мәселелері қазақ әдебиеттануында алғаш рет арнайы зерттелініп, жеке ғылым саласы ретінде негізі салынды.
Д. Ысқақұлы жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілдері М. Жұмабаев, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, М.Ж. Көпеев жайлы жеке еңбектер жазды.
* * *
Халықтың томаға тұйық өмір сүруі аралас-құралас күшейген заманда мүмкін болмаса, әдебиеттің дамуында да рухани байланыстар ерекше орынға ие. Даму барысында ұлттық әдебиет өзін өзгелермен салыстыра отырып, бой теңестіреді; жетістігін үкілеп, жетпей жатқан жерлерін өзгелерден үйрене отырып, жетілдіре түседі. Сондықтан да әдеби даму барысында әдеби аударма, түрлі шығармашылық қарым-қатынастар аса маңызды.
Социализм кезіндегі қазақ әдебиетінде әдеби аудармаға ерекше көңіл бөлініп, әлемдік әдебиеттің озық үлгілерімен қазақ оқырмандары кеңірек танысты. Әсіресе орыс әдебиетінен қазақшаға көбірек аударылып, бұл «совет халқының», «коммунизм құрылысшыларының» ортақ рухани қазынасын жасаудағы аса маңызды міндеттердің бірінен саналды. Сонымен бірге әлемдік әдебиеттің озық үлгілерінің бірсыпырасының қазақ тілінде жарық көргенін де айта кету керек. Қазақ әдебиетін орыс тіліне аурару саласында да біршама жұмыстар аударылды. Ал олардың аударма сапасы – өз алдына жеке әңгіме. Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Публицистика | Жарияланған күні: 25-08-2011
ТАНЫМ МЕН ТАҒЫЛЫМ
Ясунари КАВАБАТА
ЖАПОН СҰЛУЛЫҒЫНАН НҰРЛАНҒАН ЖЫРЛАР
Көктемде – гүлдер
Жазда – құстар.
Күзде – Ай.
Кіршіксіз аппақ қар –
Қыс күндерінде
Дзэн тақуасы Догэн (1200-1253) өзі жазған осы өлеңді «Бастапқы бейне» деп атапты.
Қыстың күнгі Ай,
Сен бұлттар арасынан
Мені жымиып шығарып салып тұрсың.
Қарлы аяздан жаураған жоқсың ба?
Беймаза жел мазаңды алмаған болар?
Бұл данышпан Мёэнің (1173-1232) өлеңі. Толығырақ »
Авторы: Duman | Айдары: Публицистика | Жарияланған күні: 25-08-2011