СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ
Хулио КОРТАСАР
БІР АҚЫННЫҢ ІЗІМЕН
Хулио КОРТАСАР (1914-1984) – аргентина ақыны, новеллист, прозаик, «магиялық реализм» бағытының өкілі. Диктатураға қарсы зиялылардың жиналысына жиі қатысатын оған педагогикалық қызметтен бас тартуға тура келді. 1946 жылы Буэнос-Айреске оралып, Кітап палатасында қызмет етеді. 1951 жылы әдеби стипендия алып, Европаға кетіп қалады. Өмірінің соңына дейін Парижде өмір сүріп, ЮНЕСКО жанында аудармашы болып қызмет етеді.
Хулио Кортасар жазуды ерте бастайды, ақын-символист ретінде 1938 жылы «Қатысу» сонеттер жинағымен танылады. Өмір бойы өлең жазса да, оларды жарияламайды, тек қайтыс болғаннан кейін ғана 1950-1983 жылдар аралығында жазылған өлеңдер мен поэмалары кірген «Тек қана ымырт» атты лирикалық кітабы жарық көреді. Кортасардың өзі айтқандай, оның туындыларының мистикалық элементтері – диктатурадан қашып-құтылудың ішкі формасы.
* * *
Ақын Клаудио Ромероның өмірі мен шығармашылығын зерттеуге түбегейлі бекігенде Хорхе Фраганың жасы қырықтан енді асқан-ды.
Бұл ой Фраганың басына достарымен кафеде болған кезекті әңгімелердің бірінен кейін келді. Достары әлі күнге дейін таңданыс пен қызғаныш сезімін оятатын, ал ғасыр басында иесіне мәңгілікке болмаса да белгілі бір уақытқа даңқ пен табыс әкелген үш жинақтың авторы ақын Ромеро өзінің поэтикалық бейнелеріне сіңісіп кетті де, әдебиеттануда, әрине, өз дәуірінің іргелі зерттеу еңбектерінде де із қалдырмады. Толығырақ »