Әлем әдебиеті

Видиадхар НАЙПОЛ. АРАЗДАСТЫҚ

3

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

 

Видиадхар НАЙПОЛ

АРАЗДАСТЫҚ

әңгіме

Видиадхар Сураджпрасад НАЙПОЛ 1932 жылы Тринидад аралында үнді отбасында өмірге келген. Атышулы Оксфорд университетін тәмамдаған. Шығармаларын ағылшын тілінде жазады. Оның «Құпия уқалаушы» деген тұңғыш романы Ллевелин Райстың атындағы сыйлықты иемденген (1957), «Мигель көшесі» әңгімелер жинағы (1959) Сомерсет Моэм сыйлығын алған. Оның кейінгі шығармаларының арасында – «Мистер Бисвасқа арналған үй» (1961), «Тура нағыз еместер» (1967), «Құр іліккен ахуалда» (1971), «Партизандар»(1974) романдары, «Аралдың үстіндегі жалау» (1967) повестері мен әңгімелер жинағы бар. Найпол өзінің кейінгі қайсыбір кітаптарында «үшінші әлемде» болып жатқан үдерістерді біржақты бағаласа да, жалпы алғанда оның шығармашылығын әлеуметтік мәселелерге деген қызығушылық және өзіндік өткір қалжың ерекше көрсетіп тұрады.

Видиадхар Найпол – тек жазушы ғана емес, сонымен қатар журналист те. Өзінің «Мигель көшесі» деген кітабын бастамас бұрын (ол төрт жыл бойына жарияланбай жатты) ол Оксфордты бітірісімен Би-Би-Сидің Кариб редакциясының штаттан тыс қызметкері болып істеген. Әрі кейінде, жазушылық даңққа бөленген жылдары да Найпол журналистиканы тастамаған. Қайта, уақыт өткен сайын публицистикалық репортаж оның шығармашылық үрдісінде өзіне лайықты орын алады.

Бұл кездейсоқтық па? Әрине, жоқ. Суретші-реалист, ол қашанда тың да нақты әсерлердің ағынына, өмірлік өрелі тәжірибеге, елеулі жаңалықтарға мұқтажданады. Сондықтан репортаж оған рухани қажеттілік болып қалады. Ол оған қазіргі заманды сан қырларынан көріп, пайымдауға мүмкіндік береді. Сайып келгенде, оның «Мигель көшесі» деген очерктер циклы балалық шағы жайлы репортаж болып табылады. Найпол оны Лондонда салқын да бұлыңғыр күні жаза бастапты. Богарт туралы новелланың алғашқы жолын мәшеңкеге басқаннан кейін, ол парақты аяқтар-аяқтамасын білмеген. Бірақ төгіліп кеткен естеліктер оны әңгімесін бітіргенше столдан тұрғызбайды.

Найпол 2001 жылы «Сұңғылалық баяндау мен өз шығармаларындағы тайынбас адалдығы үшін» Нобель сыйлығына ие болды.

Мен анаммен дәйім араздастықта болдым. Ол мені түсінбейтін, содан ол мені ұнатпайды деп шештім. Мен жалғыз бала болатынмын, содан ба, ол менің кесірімнен бір минут та тыныштық таппайтын.

Менің әкемді ол жек көретін, тіпті оның өлімінен кейін де ол жайлы естігісі келмейтін.

– Оның үстіне менің басыма мына тілазарды берді ғой! – деп мені жазғыратын. – Тура әкесіне тартқан.

Біздің ұрыс-керісіміз сонау деревняда, Мигель көшесінде орныққанға дейін басталған-ды. Толығырақ »

Иван БУНИН. ТАНЬКА

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

 

Иван БУНИН

ТАНЬКА

әңгіме

Иван Алексеевич БУНИН (1870-1953) – лирикада классикалық дәстүрді жалғастырған орыс жазушысы. Әңгімелер мен повестерінде дворяндық өмірдің жүдеубас тартуын, деревняның ауыр тіршілігін, буржуазияның рухани бос кеуделілігін көрсете білген шебер жазушы.

1920 жылы Бунин Ресейден кетіп қалды. 1933 жылы орыс жазушыларының арасында оған тұңғыш рет Нобель сыйлығы берілді. Атақты жазушы Константин Паустовскийдің: «…Бұл Ресейден алды-артыңа қарамастан безе қашқың келетін. Бірақ оған кім көрінген бата алмаған. Бунин де өзінің бірден-бір сүйікті елінен кетті. Ғажап тәкаппар және қатал адам. Ол өзінің соңғы тынысына дейін Ресей деп қайғы-қасірет шегіп, Париж бен Грастың бөгде түндерінде өзін-өзі Отанынан өз еркімен қуған адамның көз жасын төккен» деген пікірі Буниннің азаматтық бейнесін ашса керек.

Кеңес жазушыларының ІІ съезі «Бунин орыс әдебиетіне қайтарылуы керек» деген сөздерді ду қол шапалақтаумен қарсы алды. Сөйтіп, ол еліне қайтты.

Иван Бунин – поэзияның кастальялық мектебінің ұлы өкілі. Оның өлеңдері әлі күнге дейін тиісті бағасын алған жоқ. Ол аса күрделі, қарама-қайшылыққа толы ғұмыр кешті. Көп көрді және білді, көп сүйді және жек көрді, көп еңбек етті, кейде қатты шатасты да, бірақ бұл өмірдегі ең ұлы, ең маңызды, мызғымайтын махаббаты, туған елі – Ресей болып қалды.

Толығырақ »

Уильям САРОЯН. ФИЛИППИНДІК ЖӘНЕ МАС

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

 

Уильям САРОЯН

ФИЛИППИНДІК ЖӘНЕ МАС

әңгіме

    Уильям САРОЯН – армян отбасынан шыққан атақты америкалық жазушы. 1908 жылы Американың Калифорния штатының Фресно қаласында дүниеге келген. Кедей отбасынан шыққан, еңбек жолын қарапайым пошташы болып бастаған Уильям араға жылдар салып әйгілі америкалық Хемингуей, Стейнбек, Фолкнер, Колдуэлл сынды жазушылармен үзеңгі қағыстырған даңғайыр жазушыға айналды.  
    1934 жылы жарыққа шыққан «Ұшатын трапециядағы жас ержүрек» атты шығарма оқырман қауымның назарын өзіне аудару арқылы жазушыға әдеби ортаға жол ашты. Уильям осыдан кейін-ақ пьесалар жазып, драматург ретінде атағы шыға бастады. Оның «Менің жүрегім тауларда», «Жақсы адамдар»,  «Кет, қария», «Үңгір адамдары» атты пьесалары Уильямның тек өзіне тән нәзіктікпен негізгі ойды өшпес үміт, мәңгілік махаббатқа арнайды.
    Уильям Сароян 1972 өмірден озды. Оның қаламынан туған мың жарымға тарта әңгіме, он роман және он екі пьеса америка әдебиетінің өшпес қазынасы болып қала береді.

Толығырақ »

Артур Конан ДОЙЛ. ШЕРЛОК ХОЛМС ӨЛІМ АУЗЫНДА

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

 

Артур  Конан ДОЙЛ

ШЕРЛОК  ХОЛМС ӨЛІМ АУЗЫНДА

әңгіме

Артур Игнатиус Конан ДОЙЛ – шотланд және ағылшын жазушысы, дәрігер. 1859 жылы 22 мамырда Шотландия астанасы Эдинбургте дүниеге келген. 1881 жылы Конан Дойл Эдинбург университетінің медицина факультетін тәмамдаған. Диссертация қорғап, медицина докторы атанған. Әлемге Шерлок Холмс туралы әңгімелер топтамасы, профессор Челленджер туралы шытырман әрі ғылыми-фантастикалық шығармасы, бригадир Жерар туралы юморлық туындылары арқылы танымал. Конан Дойл сонымен қатар, бірқатар пьесаның («Ватерлоо», «Тамұқ періштелері», «Тағдыр оттары»), автобиографиялық очерктердің («Старк Монро жазбалары»), тұрмыстық романдардың авторы. Өмірінің соңында спиритизм мәселесі қызықтырып, «Спиритизм тарихы» (1926) атты екі том кітап шығарған. Сондай-ақ, үш том өлеңдер жинағы жарық көрген. 1930 жылы 71 жасында көз жұмды.

Шерлок Холмстың пәтеріндегі үй бикесі миссис Хадсон нағыз азап шегушінің бірі еді. Ол аз болғандай, үй бикесі үйінің екінші қабатына қай уақытта да мінездері түсініксіз және адамға онша жұғымы жоқ жандардың басып кіруімен ерекшеленетін; пәтерде тұрушы айтулы кісі де өзінің әдеттен тыс оғаш қылықтарымен және бейқамдылығымен үй бикесінің жүйкесін  одан сайын жұқартатын. Оның шамадан тыс өте салақтығы, тәуліктің ең қолайсыз мезгілінде музыка тартуы, оқтын-оқтын бөлме ішінде тапаншадан оқ атуы, құпия түрде және тым жиі иісі мүңкіген химиялық тәжірибелерді жүргізуі, сондай-ақ, оны қоршаған бүкіл қылмыс пен қауіп-қатерлердің барлығы дерлік Холмсты Лондондағы ең қолайсыз пәтер жалдаушылардың біріне айналдырған еді. Бірақ солай бола тұрса да, ол патша көңілімен ақысын төлей білетін. Онымен дос болған жылдар ішінде миссис Хадсонға  төлеген ақшаның барлығы оның бүкіл үйін сатып алуға жетер еді десе, еш күмән келтірмес ем. Толығырақ »

Решат Нури ГҮНТЕКИН. БАҚШАСЫ БАР АСХАНА

1

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

 

Решат Нури ГҮНТЕКИН

БАҚШАСЫ БАР АСХАНА

әңгіме

Решат Нури ГҮНТЕКИН (1889-1956) Ыстамбұлда өмірге келген. Әдебиет факультетін бітіріп, оқытушы болып жұмыс істеген. Біраз уақыт депутат та болған.

Бірінші Дүниежүзілік соғыс жылдарында жазушылықпен айналыса бастады. 1922 жылы Решат Нуридің «Бозторғай» романы жарияланды. Анадолы өмірінің маңызды мәселелерін түрлі типтер арқылы қызуқанды, табиғи таза тілмен баяндайды. «Бозторғай» романы түрік әдебиетінің ең таңдаулы шығармаларының қатарынан орын алды. Жазушы әңгімелерінде де Анадолы өмірін сатиралық мәнерде суреттеген.

Хайдар Мырза ескі бір Евкафта хатшы болып жұмыс істейтін еді. Бірақ ол үнемі өзін кәсіпкермін деп санайтын:

– Мен қалайша бір қызметші болдым? Жиырма бес жыл бұрын бір бақалшының қасына шәкірт болып барсам ғой, қазір дүкеннің иесі болушы едім! – деп күйінеді.

Және де мына сөздер аузынан түспейді:

– Шіркін-ай, қолымда ең болмаса екі-үш мың лира ақша болғанда ғой, қалағанымды істеуші едім! Толығырақ »

Рефик Халид КАРАЙ. ЕТІКШІ

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

 

Рефик Халид КАРАЙ

ЕТІКШІ

әңгіме

Рефик Халид КАРАЙ (1888-1965) – Мудурнудан Ыстамбұлға қоныс тепкен қарақайыс отбасынан шыққан түрік жазушысы. Қаржы министрлігінің бас есепшісі Мехмет Халид Бейдің ұлы. Галатасарай Сұлтандығында және құқық мектебінде оқыды. Қаржы министрлігінде қызмет істеді. ІІ Коституцияның жариялануынан кейін журналистикамен айналыса бастады. «Аудармашының ақиқаты» басылымында аудармашылықпен айналысты және тілші болып қызмет етті.Жазғандары билікке жақпағандықтан алдымен Синопқа, кейіннен Чорум, Анкара және Биледжикке жер аударылды. Ыстамбұлға оралған соң біраз уақыт түрік тілінің мұғалімі қызметін атқарды. Тәуелсіздік күресіне қарсы жазылған шығармалары үшін халық жауы саналып, «жүз елуліктер» тізіміне енгізілген Рефик Халит Алтай Бейрут пен Халепке жер аударылып, сонда өмір сүрді. Ататүрікке жазған өлеңдері мен хаттары арқылы «жүз елуліктер» тізіміндегілердің ақталуы жолында үлкен еңбек етті. Рақымшылық заңымен елге оралды. Түрік әдебиетінде алғаш рет тақырыптық жағынан Анадолыны танытатын, жанрлық жағынан сатира мен сықақ түріндегі шығармаларымен танылды. Рефик Халит Карай – шығармаларында суреттеу, портрет, теңеулерді молынан қолдануымен қатар, әрі қарапайым, жатық тілімен ХХ ғасыр жазушылары арасында өзіндік өрнегін қалдыра білген жазушы. Түрік тілін асқан шеберлікпен пайдаланған жазушы түрік әдебиетінің қорын көптеген шығармаларымен толықтыра түсті.

 

Толығырақ »

Харун ТОКАК. АЛДА ШАПҚАН АТТЫЛЫ

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

 

Харун ТОКАК

АЛДА ШАПҚАН АТТЫЛЫ

әңгіме

Харун ТОКАК1955 жылы Ушак уәлиятында дүниеге келген түрік жазушысы, қоғам қайраткері. Измир Докуз Эйлүл университетінің Жоғары Ислам институтын тәмамдаған. Түркия Республикасының Ұлттық Білім министрлігінде және Түркия мұсылмандары діни басқармасында қызмет атқарған. Түркия Республикасы Ұлттық Білім министрлігі Діни Білім беру басқармасында және Түркия Республикасының Үкіметінде кеңесші болып қызмет атқарған. 19972008 жылдар аралығында Журналистер мен жазушылар қауымдастығының төрағасы болды. Қауымдастықтың аясында халықтар арасындағы татулықты, мәдениеттер арасындағы сұхбатты нығайту мақсатында «Мәдениеттер арасындағы диалог платформасы», «Диалог Еуразия Платформасы», «Абант платформасы» сынды интеллектуалды ұйымдардың дүниеге келуіне мұрындық болды. Бүгінде И.Ортайлы, Ш.Айтматов, Ш.Мұртаза, О.Сүлейменов, Ә.Кекілбаев, Н.Оразалин, М.Шаханов, Р.Рыбаков, Анар, Б.Мариан, Г.Аласания сынды Еуразия аймағының зиялы қауым өкілдері құрған Халықаралық «Диалог Еуразия Платформасының» төрағасы болып қызмет етуде. Түркияның белді басылымының бірі – «Йени Шафак» газетінің тұрақты жазарманы. «Алда шапқан аттылар», «Жолдағылар», «Саңлақ сардарлар», «Қыналы арғымақтар» сынды шығармалардың авторы.

Толығырақ »

Владимир МИХАНОВСКИЙ. СИҚЫРШЫ

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

 

Владимир МИХАНОВСКИЙ

СИҚЫРШЫ

фантастикалық әңгіме

Владимир МИХАНОВСКИЙ 1931 жылы Харьковта өмірге келген украин жазушысы, ақын, драматург. Ресей Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық әдеби сыйлықтардың иегері. Шығармаларын көбінесе «В. Владимиров» лақап атымен жариялайды. 1990 жылдан бастап фантастикалық жанрда қалам тербей бастаған. «Патшалық ойыстың көлеңкелері», «Жазалаушы семсер» атты детективті романдардың авторы.

Ұзақ сапарға жол тартқанда,

ештеңені ұмыт қалдырма

Жарнамадан болса керек

Уақытстанда қалшыл-дірілсіз, дыбыссыз уақыт машинасы жасалғаннан бері сол оймақтай ел азаматтарының делебесі қозып кетті. Олар құдды үзіліссіз кезіндегі мектеп баспалдағының қол тірер жақтаушасына мініп сырғанайтын балалардай уақыт өзегімен зулауды әдетке айналдырып алды. Арасындағы жалғыз айырмашылық – жақтаушамен тек қана құлдиласаң, уақыт машинасы жоғарыға да, төменге де апара береді. Былайша айтқанда, қалауыңша келешекке де, өткенге де бара аласың. Мұндағы сапардың әсіресе кісі қызығары: әр ғасыр екі тиын тұрады. Болашаққа ма, артқы тарихқа ма – бәрібір. Ешқандай аялдама, вагон-ресторан, комобуфет тағы сол тәріздес жайлы орындарға жол қаражатын ысырап қылу атымен жоқ. Толығырақ »

Меңнігүл ХИСМӘТУЛЛИНА. ШЕР

0

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

 

Меңнігүл ХИСМӘТУЛЛИНА

ШЕР

әңгіме

Меңнігүл ХИСМӘТУЛЛИНА – белгілі башқұрт ақыны әрі жазушысы. 1927 жылы Башқұртстанның Шишмә ауданындағы Ябалақлы ауылында дүниеге келген. Дәулекан педагогика училищесін тәмамдап, Башқұрт радиосында, «Башқұртстан қызы» жұрналында қызмет істеді. «Дим тамшысы» (1976) және басқа да өлең кітаптары, «Қала қызы» (1987) повесі мен «Күміскөл бұлағы» (1983) әңгімелер жинағы жұртшылықтың жылы лебізіне ие болды.

Оның шығармалары қазақ, қарақалпақ, өзбек тілдеріне аударылған.

Той болып жатыр… Ғилметдин мен Гүлбикенің ұлы Кениәбай үйленген.

Әй, құдалар, құдалар,

Құдалар, құдашалар.

Сізде нешік, бізде шұлай,

Йырлап көңіл ашалар.

Төрде отырған құдағи әлі той қызбай жатып жұбайының ән бастағанына ыңғайсызданды. Толығырақ »

Оскар УАЙЛЬД. ЛОРД АРТУР СЕВИЛДІҢ ҚЫЛМЫСЫ

2

СЫНЫН БЕРМЕС СЫРЛЫ СӨЗ

Оскар УАЙЛЬД

ЛОРД АРТУР СЕВИЛДІҢ ҚЫЛМЫСЫ

(Парызды сезіну жайлы толғаныс)

Оскар УАЙЛЬД (1954-1900) – ағылшын философы, жазушы, эстет, ақын. Викторияндық кезеңнің ең танымал драматургі. Ирландия астанасы Дублинде дүниеге келген. Анасы Джейн Уайльд 1848 жылы «Жас ирландықтар» деп аталған төңкерісшілер қозғалысына «Үміт» лақап атымен өлең жазып, ғұмыр бойы ұлтшылдық көзқарасынан танбаған. Анасының ықпалымен үлкен өмірге ерте қадам басқан болашақ жазушының жолы даңғыл да соқпаққа толы.

Оскар Уайльд проза саласының роман жанрында логикалық нақтылық пен қарапайымдылықты негіз етіп, табиғаттың өзара үйлесімділігін тіл байлығы арқылы жеткізе білген. 1890 жылы жарыққа шыққан «Дориан Грейдің портреті» атты романы, комедиялық драматургиядан «Мінсіз күйеу», «Сабыр сақтаудың маңыздылығы» сынды шығармалары ешкімге ұқсамайтын ерекше стильмен, ой өткірлігімен оқырман қауымның назарын өзіне аударды. Поэзия саласында адамдардың мінезін, лирикалық эмоциясын өлең жолдарына нақышпен енгізген шебер қаламгердің философиялық ой-тұжырымдары да бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтпаған.

І

Леди Уиндермир пасха алдында соңғы қабылдауын өткізді және де үй ішінде ине шаншар орын жоқ еді. Ордендері мен ленталарын тағынған алты министр парламенттен тікелей осы жерге бас сұқты. Сарай арулары үлде мен бүлдеге оранған киімдерімен жарқыл қақты, ал сурет галереясының бұрышында аса қымбат бағалы асыл тастармен безенген татар типтес жүзіндегі кішкентай қап-қара көзді, Карлсруэден келген етжеңді бикеш София ханшайым тұрған-ды; ол француз тілінде өте шебер сөйлеп, әрбір сөзге жауап ретінде ішек-сілесі қата күле берді. Толығырақ »